Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог картоптың пайдалы қасиеттерін тізіп берді

Диетолог Дуэйн Меллор картопты пайдалы қасиеттеріне байланысты мәзірден алып тастауға болмайтынын айтты. Сарапшының пікірінше, оның құрамында денсаулыққа қажет көптеген дәрумендер мен заттар бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Меллор картоптың С дәруменіне бай екенін айтты: 150 грамм өнімде осы дәруменнің күнделікті құнының шамамен 15 пайызы бар. Ол иммундық жүйені нығайтады, сонымен қатар буындарға қажетті дәнекер тінін қалыптастырады.

Бұдан өзге картоптың құрамында ағзадағы ферменттердің жұмысына ықпал ететін В6 дәрумені бар. Ол  жүйке жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қуырылған және пісірілген картоптың құрамында қайнатылған картопқа немесе пюреге қарағанда калий мөлшері жоғары болады. Формадағы картоптың құрамында осы элементтің тәуліктік мөлшерінің үштен бір бөлігі бар. Өнім холинге де бай, ол мидың жұмысына қатысатын витаминге ұқсас зат.

Диетологтың сөзінше, картоптың бананға қарағанда калория мөлшері аз, сондықтан оны жеуді тоқтатпау керек. Алайда, фигураға күтім жасау үшін Маллор оны қуыруға емес, қайнатуға немесе буға пісіруге кеңес берді.

Гүлдана Қазтай
Сейсенбі, 25 Мамыр, 2021 18:51
Талқылау