Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог қартаюдың алдын алатын тағамдарды атады

Диетолог Ольга Редина антиоксиданттардың қартаюды бәсеңдетуге көмектесетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: dzen.ru

Маманның айтуынша, антиоксиданттар дене жасушаларын бұзатын бос радикалдармен күресуге көмектесетін элементтер.

"Антиоксиданттарға бай тағамдарға жидектер (таңқурай немесе көкжидек), жемістер, әсіресе цитрус жемістері, жаңғақтар, крахмалды емес көкөністер, қара шоколад, жасыл шай кіреді. Сонымен қатар коллаген, терінің серпімділігі мен ылғалдануына жауап беретін ақуыз қартаю процесін баяулатады", - деді ол.

Диетолог коллагеннің жұмыртқада, етте, сүйек сорпасында, теңіз балдырында, балықта болатынын айтты. Маман дені сау адамның рационында ағзаны денсаулық пен жастыққа қажетті барлық заттармен қамтамасыз ету үшін ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер мен минералдар жеткілікті мөлшерде болуы керек екенін жеткізді. 

Айта кетейік, бұған дейін Зерттеуші және "100-ге дейін өмір сүр" телехикаясының авторы Дэн Бюттнер бау-бақша және көгалдандырумен айналысу өмірді ұзартатынын айтқаны туралы жазған едік. 

Талқылау