Дидар Аяпов: Піріміздің аяғын сүйді дегендер санасы төмендер, тәрбие көрмегендер (видео)
Ғаламторда Құрбанәлі ишанды аяғын жерге тигізбей қажылықтан күтіп алғандар оқиға әлі де дау болуда.
Қажыны күтіп алушылар оның аяғынан сүйіп жатты. Мұны дұрыс деп бағалағандар да, кері көзқарас танытқандар да бар.
Сопылық бағытта жүрген Дидар Аяповтың Құрбанәлі ишанға қатысты айтылып жатқан сынға жауабы желіде тарап кетті.
«Құрбанәлі піріміз қажылығын қазақ елі үшін өтеп келді. Халқы үшін дұға қылды. Оған өзіміз де куә болдық. Ол қажылығын өтеп келіп жатқан простой (қарапайым) ақсақал емес. Лайық болған үшін аяғын жерге тигізбей көтеріп алды, аяғынан сүйді. Қол-аяғынан сүю дінде бар нәрсе. Оған үрке қарап таңғалып жатқандар санасы өте төмен жандар, тәрбие көрмегендер. Әруаққа сыйыну, пірге сыйыну қазаққа тән. Алладан тікелей ешнәрсе сұрай алмаймыз», – дейді Дидар Аяпов.
Дидар Аяпов дінде осылай фанат болудың дұрыстығын алға тартты.
“Алланын калауымен олар батыр әулие адамдар болды, бірақ оларға сыйыну кажет емес, Алладан сұрау керек”, – деп жазады Бауыржан Жайлыбаев есімді желі қолданушысы.
Сопылық — дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден бет бұруға, нәпсіні тазалауға, Аллаһ тағалаға мағрифатқа немесе хақиқатқа иман келтіру арқылы қосылу дәрежесіне жетуге ұмтылысқа негізделген өмір салты. Сопылықты ұстанушыны сопы (араб.: суфий) деп атайды. Сопылар өздерін Мұхаммед пайғамбар ﷺ Жәбірейіл хадисінде айтқан ихсанды жүзеге асырушылар санайды.
Классикалық сопылар зікірге құлшыныспен және аскетизммен ерекшеленетін болған. Сунниттік немесе шииттік боп келетін сопылық тариқаттарының түп негізі Мұхаммед пайғамбардың ﷺ күйеу баласы Әли ибн Әбу Талибке дейін жетеді деп саналады. Тек Нақшбандийа тариқаты ғана өз негізін Әбу Бәкірден бастайды.
Тағы да оқыңыз:
Өзге ағымдағы қазақ жігіті жарылыс жасап шаһит болу жоспары жайлы айтты (видео)
Оралда уағызынан соң жігіттер бірден Сирияға аттанатын «Халил шейх» сотталды
Салафиттік ортада танылған уағызшы өзінің қате ағымда болғанын мойындады (видео)