Салафиттік ортада танылған уағызшы өзінің қате ағымда болғанын мойындады (видео)

Жұма, 19 Мамыр , 2017 10:28

Салафиттік ортада танылған алматылық уағызшы Денис “Абдулла” Коржавин өзінің діни көзқарасы қате болғанын мойындады.

20170519072229

Желіде оның видеоүндеуі жарияланды. Ол діни араздық тудырғанына өкінетінін айты. Алайда, уағызшының бұл әрекеті оны түбегейлі ақтай алмайды. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды 31 арна.

«Мен өзімнің діни көзарасым қате болғанын айта отырып, дәстүрлі исламды мойындағым келеді. Сонымен қатар өзге де жат ағымдарға қарсы тұрам», – дейді ол.

Бірнеше жыл бұрын Денис Ислам дінін қабылдап, Сауд Арабиясына діни білімін шыңдауға аттанады. Ал, Қазақстанға салафит болып оралған. Ол ғаламторда орыс тілді мұсылмандар арасында уағыз айтып, жұртты өзіне қаратты. Бір апта бұрын оның діни араздық туғызғаны сотта дәлелденді.

«Біз қазіргі уақытта ғаламтор желісін, Instagram, Facebook, ВКонтакте, WhatsApp секілді желілерді бақылауға алып отырмыз. Бәрімен байланыста болып, сұрақтардың барлығына жауап береміз», – дейді Алматы қалалық прокуратура басқармасының басшысы Сәбит Чембеков.

Тағы да оқыңыз:

Жер сілкінісінің қалай болатыны ғылымнан бұрын Құранда айтылған

Әбдірайымов әртістерді ақша жинап, Жаманқұловқа көмектесуге шақырды

Алматылық жезөкшелер мемлекет қаржысын 2 млн теңгеге толықтырады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар