Оралда уағызынан соң жігіттер бірден Сирияға аттанатын «Халил шейх» сотталды

Сәрсенбі, 16 Тамыз , 2017 22:05

Оралда атышулы Әбдіхалил Әбдіжаппаровқа қатысты сот үкімі шықты. «Халил шейх» немесе «ұстаз» деген атпен танымал азамат 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды КТК.

1500481238
Ол дінаралық алауыздық тудырғаны үшін кінәлі деп танылып отыр. Бірақ өзі кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Тергеу мәліметінше, Халил шейх 2003-2006-шы жылдары Батыс Қазақстанда дәстүрлі емес исламды уағыздап, лаңкестікті насихаттаған. Алдымен жұрттың сеніміне кірген Әбдіжаппаров кейін оларды жалдамалы пәтерлерге жинап, лекцияларын оқыған.
Осындай дәрістерден кейін Ақтөбе, Орал және Атырауда радикалдық топтар көбейіп, олар Қазақстанның түрлі аймағында лаңкестікке дайындалыпты. Әбдіжаппаровтың кейбір шәкірттері тіпті Сирия мен Ауғанстан аумағына өтіп, содырлардың қатарын толықтырған. Халил шейх 2006-шы жылдан бері отбасымен бірге Сауд Арабиясында тұрып келген еді. Бірақ биыл ақпанда депортацияланып, бүгін сотталды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар