Астанада қаршадай қызды зорламақ болған педофил 15 жылға сотталды

Сәрсенбі, 16 Тамыз , 2017 21:58

Алты жасар қызды зорламақ болған азғынды алқа билер аяған жоқ. Бүгін Астана соты көктемде елді шулатқан педофилге үкім кесті, деп хабарлайды КТК.

1500481238

Қызды қамыс ішіне сүйреген соқталдай азаматты сол маңдағы құрылысшылар байқап, оңдырмай сабаған болатын. Басында бұл әрекеті үшін жауап береді деген жұмысшылар енді тіпті марапатталмақ.

Жазғытұрым күллі елді шошытқан бұл оқиға соттың негізгі айғағы. Рамай Хафизов мамырда Астананың жаңа темір жол вокзалының маңында алты жасар қызды алдап үйінен алып шығып зорламақ болған. Арам ойын іске асыра алмай көзге түсіп қалған соң, көлді жүзіп өтіп, қашқан қылмыскерді жақын жерден табылған құрылысшылар тырп еткізбей байлап, полицейлердің қолына тапсырған-ды. Бүгін, үкім алдында, қаскөйдің ақталудан үміті болды ма, өзін қоярға жер таппай қобалжыды.

“Хафизов Рамай Раисұлы кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 24 бабының үшінші тармағы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырылсын. Сондай-ақ өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмаған балалармен байланысты кез-келген қызметпен айналысуына тыйым салынсын”, – дейді судья Әділхан Шайхисламов.

Бір аптаның ішінде нүктесі қойылған үкім алқа билердің араласуымен шықты. Ал 48 жастағы педофил Ақмола облысының тумасы, Астанаға тракторист боп жұмыс істеуге келгені белгілі. Үйленбеген. Ол өзінің құрбанын жақсы таниды екен. Қылмысқа бармас бұрын, бүлдіршіннің әке-шешесімен арақ ішкен. Оның үстіне қыздың ата-анасы таныстарының жақында түрмеден шыққанын да біліпті. Ұзақ мерзім арқалап, темір торға қайтқан азаматты мемлекет мәжбүрлі түрде жаман әдеті, маскүнемдіктен де емдейді. Үкімді түсіндім деп ишара білдірген педофил, өзін кінәлі сезініп тұрған жоқ.

“Сот барысында Хафизов кінәсін мойындаған жоқ. Сондықтан соттан ақтап алуды сұрадық. Бүгін де үкіммен келіспей, шағым беремін деді. Мен адвокат ретінде оның ниетін орындаймын”, – дейді адвокат Сабина Шапенова.

Үкімнен соң оң күн күтіп, апелляциялық шағым жазамын деген адвокаттың өзі де жазаның өзгере қоярына сенбейді. Ал Хафизовтың мерзімі қамалған күні, 10 мамырдан есептелмек.

Ал педофилді ұстап, таяққа жыққан құрылысшылар әу баста жазалануы мүмкін делінген еді. Алайда бүгін судья қарашадай қызды аман алып қалған 4 азаматты марапаттау туралы Астана қаласы мен Алматы облысының әкімдеріне өтініш жолдады. Өйткені, жігіттер осы аймақ тұрғындары екен. Ал марапаттау  ақшалай не басқалай боларын  әкімдік пен жұмыс беруші шешуі тиіс.

Тағы да оқыңыз:

Ресейлік танымал актриса өмірден озды

Оғыз Доғанның әуедегі әрекетін “арзан ойынға” балаған танымал блогер көптің ашуына тиді

Заңгер: Оғыз Доған «Эйр Астананы» сотқа берсе жеңуіне кепілмін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар