Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оғыз Доғанның әуедегі әрекетін “арзан ойынға” балаған танымал блогер көптің ашуына тиді

Әуе кеңістігінде мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап еткен жолаушы дауы өршіп кетті. Қоғам белсенділері қазақ тілін қорғауға тырысқан түрік азаматына айыппұл салынғанына наразы.

оркени огыз доган 1608

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Танымал журналист Арман Сқабылұлының пікірінше, Қазақстан полициясы Оғыз Доғанға 6800 теңге айыппұл салған жоқ, қазақ тілінің арқасына 6800 рет дүре соқты. Ал жастар арасында белгілі блогер Өркен Кенжебек Оғыз Доғанның әрекетін “арзан ойынға” балап, елдің ашуына тиді.

“Тірісінде кісі баласына тəйт демейтін Сəбит Бəйтеновтың өзі маған заһарын шашып жатқанына қарап, ұлт алдында опасыздық жасадым-ау деген ойдан ой мазалап жатыр. Мазаланғанда сол, қазір Еревандағы либан мейрамханасынан тыңқия тойып алып, аяқ демалдырар армян спасын іздеп жүрген.. А-а, иə, Air Astana бортында болған қазақ тілін қорғау акциясына қатысты ойым еш өзгермеді. Маған мұндай арзан трюк ұнамайды, тіпті, ырқ-ырқ етіп күлкім келеді.

Жарылқап Қалыбай ағамызды осыған өте ұқсас жағдайда қорғап жазғам – “Амангелді батыр, шауып келе жатыр” деп. Қайдағы, бүкіл салон оған қарсы арыз жазды, ішімдік ішіп, шу көтергені анықталды, кейін өзі мойындады. Ал, не болды ал?

Сол секілді Доған жағдайында оған қарсы арыз жазған төртеу кім деген үлкен сұрақ туды. Өзім шетелде жүрсем де, Эйр Астананың баспасөзіндегі аға маман Тілек Əбдірахимовпен хабарластым. Төрт куəгер де пассажир деп отыр. Қонар кезде үстелшені түсіру – қауіпсіздік талабы. Негізі, ішкі микрофонмен бұл жайында үш тілде де ескертіледі, мүлдем айтпады деуге келмейді.

Қысқасы, жігіттер, 10 мың метр биіктікте бір тілдің жыртысын жыртқан болу – тым арзан ойын. Шын мықты болсақ, Шона секілді əр үйдің есігін қағып, қазақ мектебіне бала жинау, Асхат секілді блоггингті қазақшалау керек шығар. Ал былай… білмедім, дешево дим”, – деп жазды Өркен Кенжебек.

Блогердің бұл жазбасы көпшіліктің ызасын туғызды. Желідегілер оған қарсы шығып, әуеде болсын, су астында болсын кез келген азаматтың мемлекеттік тілде қызмет алуға құқылы екенін алға тартты.

Жіберіп алмаңыз:

Заңгер: Оғыз Доған «Эйр Астананы» сотқа берсе жеңуіне кепілмін

Ақтөбеде дүкендерден “адамның ДНҚ-сы бар” шұжықтарды іздеп жатыр

1981 жылдан кейін туған адамдар зейнет туралы ұмытсын

Қазақстанда білім беру жүйесіне тағы да өзгеріс енді

Талқылау