Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік танымал актриса өмірден озды

Ресейлік танымал актриса Вера Глаголева 62 жасында өмірден озды. Бұл жайлы оның құрбысы Лариса Гузеева хабарлады.

1500481238

Жергілікті БАҚ мәліметінше,  актриса онкологиялық аурудан көз жұмған.

Вера Глаголева 1956 жылдың қаңтарында өмірге келген. Жас кезінде спортпен айналысып, спорт шебері атанды. Ресейдің жасөспірімдер арасындағы құрамасында өнер көрсетті.

Ел арасында “Выйти замуж за капитана”, “Искренне Ваш…”, “Сошедшие с небес”, “Бедная Саша” т.б. фильмдерімен танылды. 2000 жылы “Маросейка, 12” фильміне түсті.

1986 жылы “Советский экран”  журналының қорытындысы бойынша ең үздік актриса атанды. РФ еңбек сіңірген әртісі, Халық әртісі атағын иеленген.

Тағы да оқыңыз:

Шымкенттік қыз айына ақша салуды талап ететін ауылдағы ата-анасына ренжіді

Заңгер: Оғыз Доған «Эйр Астананы» сотқа берсе жеңуіне кепілмін

Балқашта зорланған қыздың құрбысы осы іске қатысы бар деп айыпталып жатыр

Шымкентте Тоқтар Төлешовтің отбасынан алынған коттедждерден мектеп ашады

Талқылау