Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде қазақстандық теннисшілер бақ сынамақ
4 ақпанда қазақстандық теннисшілер Чили құрамасымен Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде алғашқы кездесулерін өткізеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы кездесу Астана уақытымен 21.00-де басталады.
Бірінші ойын күні Тимофей Скатов Кристиан Гаринге қарсы ойнаса, кейін алаңға Александр Бублик пен Николас Джарри шығады.
5 ақпанда, жарыстың іріктеу кезеңінің екінші күні үш ойын жоспарланған. Жұптық кездесуде Александр Недовесов пен Андрей Голубев Алехандро Табило мен Томас Бариосқа, кейін жекелей сында Александр Бублик пен Кристиан Гарин кездеседі. Серияның финалдық кездесуі Тимофей Скатов пен Николас Джарри арасында өтпек.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

