Дэвис кубогында Қазақстан Болгариямен ойнамақ
Бірінші әлем тобының "Дэвис кубогы" матчтарының жеребе тарту рәсімінде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Болгария құрамасымен кездесетіні белгілі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы мәлімдеді. Бұған дейін екі құрама бір-бірімен ойнап көрмеген.
Матчтар 16-17 немесе 17-18 қыркүйекте өтеді. Жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасы 2024 жылдың ақпан айында өтетін келесі командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.
Юрий Щукин шәкірттері 4-5 ақпанда Дэвис кубогының 2023 жылғы іріктеу кезеңінде сырт алаңда Чилиден 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

