Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат параның арқасында көлік мініп, зәулім үй салып алғандарды сынады

Парламент мәжілісіндегі фракция депутаты Владислав Косарев жұмыс тәжірибесі аз болса да, зәулім үй сатып алып үлгерген кеденшілерді сынады.

Сурет: ru.sputniknews.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Халық қалаулысы Кедендік кодекс келісім-шартын ратификациялау жобасының талқылану кезінде Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитеті басшысының орынбасары Госман Амриннен кеденшілер арасында тәрбие жұмысын жүргізуді өтінген болатын.

Депутат Қазақстан екі немесе одан да көп мемлекеттің дамуына кедергі жасайтын “тосқауылдарды” тануы тиіс деген пікірде. “Жергілікті атқарушы органдардың кедендік бақылау органдарымен бірікпегені өкінішті. Кейінгілері мұндай органдардың ішкі жағдайын біліп отырады. Бірақ, мұндай келеңсіздіктерге тосқауыл қоя алмайды”, – дейді Владислав Косарев.

Мұнымен қатар, депутат параға еті үйреніп, зәулім үй салып үлгергендерді сынады.

“Айтып отырған сөздеріме дәлел жеткілікті. Мысалы, жұмыс тәжірибесі аз қызметкерлер қысқа уақыт ішінде шетелдік көліктер мініп үлгерген. Ал екінші жылы айналадағы ауыл тұрғындарын қызғандырып зәулім үй тұрғызуы мүмкін. Біз мойнымызға арқан болып тағылған жемқорлық туралы айтып отырмыз. Неге пара алу қалыпты жағдайға айналып бара жатыр? Әкім жас қызметкерлерді өзіне шақырып алып “Сен Қазақстан қылмыстық кодексіндегі ережелерді бұзып тұрсың. Мұны тоқтат” деп ескерту жасағанда, түрмедегі адамдар саны азаятын еді”, – дейді Косарев мырза.


Жіберіп алмаңыз:

“Қытайлықтар жерді басып алды” деп жала жапқан Астана тұрғыны сотталды

Талдықорғандық дуагер әкімдік қызметкерлерін өзара ұрыстыра жаздады

Қырғызстандық балалар Атамбаев пен Назарбаевтан татуласуларын өтінді

ОҚО-да жезөкше болуға көнбеген қыздарын ата-анасы үйден қуып жіберген (видео)

Талқылау