Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат көпбалалы отбасыға 3 бөлмелі үй сатып алып берді

«ЮНИСЕРВ» ЖШС бас директоры, БҚО мәслихатының депутаты Нұрғазы Сәтбаев көпбалалы отбасыға баспана сатып алып берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170602104745

Нұрғазы Сәтбаев Қазталов ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты Жұлдыз ауылында тұратын Ғұбашевтар отбасына жалпы ауданы 70 шаршы метр 3 бөлмелі үйді сатып алып берді.

Аудандық газетте жарияланған ақпарат бойынша, ерлі зайыпты Дастан мен Гүлдәурен жеті бала тәрбиелеп отыр. Гүлдәурен – «Алтын алқа» иегері. Дастан ауыл мектебінде күзетші боып жұмыс істейді.

20170602104724

Дастанның әкесі Қайырғали Ғұбашев Нұрғазы Сәтбаевқа жағдайын айтып, көмек сұраған. Депутат оның қолын қайтармай Ғұбашевтар тұрып жатқан үйдің жанынан қосымша 3 бөлмелі баспананы сатып алу үшін 600 мың теңге береді.

Көпбалалы отбасының қоныстойына «ЮНИСЕРВ» ЖШС-ның қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Әлия Масалимова қонақ болып қайтты.

«Қарапайып ауыл отбасының үйінде қонақ болып қайттым. Ерекше сезімді бастан өткеріп отырмын. Көпбалалы отбасы депутат Нұрғазы Сәтбаевқа алғысын айтуда. Нұрғазы Сәтбаевтың басшылығындағы «ЮНИСЕРВ» компаниясы қайырымдылықпен көп айналысады», – дейді Әлия Масалимова.

Тағы да оқыңыз:

БҚО тұрғыны өзі тұрған үйді бар дүниесімен мешітке тарту етті

Фермер жігіт жыныстық қанағат үшін ДАИШ ұйымына 20 мың қой сатқан

Қара сиқырдың көмегіне жүгінген ата-ана ұлдарының ауруын асқындырып алды

Талқылау