Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қара сиқырдың көмегіне жүгінген ата-ана ұлдарының ауруын асқындырып алды

3 жасар бүлдіршін небәрі бірнеше апта ғана өмір сүрмек. Ата-анасы көзіндегі ісікті қара сиқырдың көмегімен емдейміз деп асқындырып алған екен.

image

Бұл туралы The Daily Mail басылымында жазылды.

2015 жылдың наурыз айында Бонгр Антон Питердің көзінде жара бар екені анықталған. Дәрігерлер немқұрайлылық танытып, ісігенді басатын дәрі ғана берген. Балаларының денсаулығы үшін алаңдаған ата-ана оны қара сиқырдың көмегімен емдемек болған-ды. Енді дәрігерлер оның небәрі бірнеше апта өмір сүретінін айтып жатыр.

Уақыт өте келе қара сиқыр кері әсерін беріп, бүлдіршіннің көзі бұрынғысынан бетер ісіп кетеді. Ісіктің көлемі шамамен 10 см. Дәрігерлер жуырда сол көзіне де зақым келетінін айтып жатыр.  Маман Уильмс мырза химиятерапиядан өтуге кеңес берген екен. Десе де, баланың ата-анасы оны Австралия мен Жаңа Зеландия дәрігерлеріне қаратпақ.

40F56BAC00000578-4558182-image-a-33_1496226888162

«Австралия мен Жаңа Зеландия хирургтарымен хабарластық. Әртүрлі аймаққа барып ақша жинауға тырыстық. Шамамыз келгенше жылдамдық танытып жатырмыз», – дейді еріктілердің бірі.


Жіберіп алмаңыз:

Бойжеткен түшкіремін деп мойнын шығарып алды

Жаңа ереже бойынша барлық қазақстандықтардың телефоны тыңдалымға қойыла ма

Алматыда биыл үй кезегінде тұрған әрбір төртінші отбасы пәтер алатын болады

101 жастағы қазақ әжей Америкада қарттар үйінде тұрып жатыр (фото)

Талқылау