Депутат істі болған вице-министр жайлы: Елге зиян келтіргендерден құтылуымыз керек, ондайларды аямау керек

Күні кеше үстінен тергеу басталған білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева екі айға қамауға алынды. Шенеунікке қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, пара алған деген айып тағылып отыр.

elmira

Бұл туралы жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро мәлімдеді. Сондай-ақ вице-министр кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысыпты. Енді ол тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды Евразия арнасына сілтеп Stan.kz.  

Қоғамның жегі құрты жанына әбден батса керек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарамағындағы қызметкерлері жемқорлық жасаса, бірінші басшылары отставкаға кетуі керектігін айтқан болатын. 

Осы жағдайдан кейін білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова отставкаға кете ме? Ол жағы белгісіз.

Жуырда ғана мектеп бітірушілердің кешіне қатысты пікір білдірген білім және ғылым вице-министрінің басына бір-ақ күнде қара бұлт үйірілді. Шенеуіктің тергеуге алынғаны туралы жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро хабарлады. Ондағы мамандардың сөзінше, Эльмира Суханбердиева лауазымын пайдалана отырып, соңғы екі жылда пара алып келіпті.

Дегенмен білім саласына жауапты вице-министр қанша көлемде пара алғаны белгісіз. Қалалық соттың мәліметінше, Суханбердиева қазір елордадағы ЕЦ-166/1 изоляторында қамауда отыр екен. Бұл жағдай көпшілікпен бірге депутаттар үшін де күтпеген оиқиға болыпты. 

Бірғаным Әйтімова қамауға алынған вице-министрге жаным ашып тұр десе, оның әріптесі Ерболат Мұқаев парақорлыққа жақын мемлекеттік қызметкерлерден құтылуымыз керек дегенді айтады. 

"Мемлекетімізге нұқсан келтіріп жүрген мемлекеттік қызметкерлерден біз құтылуымыз керек. Коррупция мүлдем болмау керек. Құттай коррупция болса, аямау керек оларды. Зияны ақылға сыймайтын зиян. Өйткені нағыз балаларды тәрбиелеп отырған министрлікте осындай болатын болса, онда біз қайда барамыз?" - деді парламент сенатының депутаты Ерболат Мұқаев.

Эльмира Суханбердиева еңбек жолын 1989 жылы Ақтау мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2000 жылы Алматы облысы әкімдігінде жұмыс істеген ол, 2013-2016 жылдары Астана қаласының білім басқармасын басқарды. Ал Білім және ғылым министрінің орынбасары қызметіне 2016 жылы тағайындалды. Бір жыл өткен соң "Болашақ" стипендиясының иегері атанған кезде оған қатысты тағы да дау шықты.  Өйткені, емтихан тапсыру кезеңдерінде оның аты-жөні сайттағы үміткерлер тізімінде болмаған.

Естеріңізге салсақ, жақында ғана мектеп түлектері емтихан тапсырар алдында Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры Рамазан Әлімқұлов қамауға алынған еді. Білім және ғылым министрілігіне қарасты орталықты 2017-2018 жылдары ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілігуде. Алайда қанша сома екені әзірге айтылмады. Кешелі бері кейбір басылымдар Эльмира Суханбердиеваның осы оқиғаға байланысы бар болуы мүмкін деп болжам жасаған еді. Бірақ жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның ресми өкілі Жанна Бастарова бұл жағдайдың ол қылмыстық іске қатысы жоқ екенін мәлімдеді.  

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық бюро білім және ғылым министрінің орынбасарына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған едік. Кейін тұтқындалғаны белгілі болды

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды: Алматыда Volkswagen бағанға соғылып қалған

Оқиға 24 тамыз таң ата орын алды
Çàãðóçêà...