Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Депрессияға түсіп, денсаулығы нашарлаған": 14 жасында зорлыққа ұшыраған Қызғалдақ 50 млн теңге талап етіп отыр

Тағдыры қоғамда қызу талқыға түскен Қызғалдақ Талғатқызы өзін әлеуметтік желіде қорлаған адамнан осындай көлемде моральдық шығын талап етіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп хабарлайды.

Қыздың адвокаты Альбина Бахтиярқызы әрбір азаматтың моральдық шығын көлемін көрсетуге құқығы бар екенін айтады.

«50 миллион теңгені қайдан шығарды?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бірақ әрбір азаматтың моральдық шығын көлемін көрсетуге құқығы бар. Зорлауға қатысты істен кейін оған түрлі теріс, әдепсіз және қорлайтын сөздер айтыла бастады. Олардың ішінде Еркімбек Есенбаев белсенділік танытты. Осындай айыптаулардан соң, Қызғалдақ Талғатқызы депрессияға түсіп, денсаулығы нашарлаған. Қан қысымы көтеріліп бірнеше рет жедел жәрдем шақырған", - дейді ол.

Ар-намысын қорғау мақсатында желіде түрлі қорлау ұйымдастырған белсенді қатысушылардың бірін сотқа бердік дейді қорғаушы. Тіпті өткен аптада Қылмыстық кодекстің 131-бабының 2-бөлігі, яғни «әлеуметтік желіде қорлау» бойынша соттың алдын ала тыңдауы өткен.

Еске салсақ, былтыр Қызғалдақ Талғатқызының 14 жасында жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырап, сол оқиғадан соң бала туғаны жайлы ақпараттар таралды. Әсіресе жәбірленушіні қудалау әлеуметтік желілерде жалғасын тапқан болатын.

 

Талқылау