Денсаулыққа зиян үш әдет аталды
"Wirtualna Polska" порталы адам денсаулығына кері әсер ететін үш әдетті атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Басылымның авторлары түскі астан кейін ұйықтау нашар идея екенін ескертті. Жату мен ұйқының өзі ас қорыту процесін бұзады және ас қорыту жүйесі арқылы тамақтың қозғалысын қиындатады. Сондай-ақ, түстен кейінгі ұйқы метеоризмге (іштің кебуі - ред.) және іштің қатуына әкелетінін ескеру керек.
Сонымен қатар, тамақтан кейін шай ішуден мүлде бас тартқан абзал. Сусынның барлық түрі кейбір қоректік заттар мен минералдардың сіңуін қиындатады. Ал анемияға бейім адамдарда шай темірдің сіңуін 87 пайызға төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, сусынның рН деңгейі төмен, бұл ақуыздар мен майлардың ас қорыту процесіне теріс әсер етеді.
Тамақтанған соң спортпен айналыспаған жөн. Қарқынды физикалық белсенділік дененің дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде ас қорыту, асқазанның ауыруы, содан кейін ас қорыту жүйесінің бұзылуы пайда болуы мүмкін.