Дәрігердің жалған жазбалары: Денсаулық сақтау министрлігі Damumed айналасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрлігі Damumed айналасындағы жанжалға қатысты жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов бұл мәселе министрліктің қатаң қадағалауына алынғанын айтты. Оның сөзінше бұл жүйедегі олқылықтардан да болуы мүмкін.
"Соңғы күндері әлеуметтік желілерде қолданушылар медициналық қызметтерлердің ақпараттық жүйеге жалған ақпарат енгізгені туралы талқылай бастады. Азаматтардың белсенділігі арқасында біз ашықтықты қамтамасыз ете аламыз, бұл жүйеде олқылықтарды тауып, болашақта қайталанбауы үшін оларды түзету маңызды. Денсаулық сақтау министрлігі де, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры да мәселені толығымен жоюға мүдделі", - деді министрліктің өкілі Бағдат Қожахметов.
Алайда министрлік өкілдері салымшыларды уайымдамауға шақырды. Бұл тек қана жүйедегі өзгерістер, оның ешқандай кері әсері болмайды дейді олар.
"Маңғыстау облысындағы, Солтүстік Қазақстан облысындағы, Алматыдағы және басқа да аймақтарда ақпаратты бұрмаланудың ең жоғары көрсеткіші байқалды. Қандай жағдайда болмасын, бұл істен пайда көретін адамды табу керек. Қазір ішкі тергеу, құқықтық сараптама жүргізілуде, өйткені жағдай, денсаулық сақтау министрлігінің заңгерлері айтқандай, қор мен медициналық мекемелердің құқықтық қатынастарынан тыс қалып отыр. Бұл мәселе азаматтардың қауіпсіздігі мен өміріне қатысты", - деді министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-дегі онлайн-брифингте.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
