Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі "СҚ-Фармация" ұйымына қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "СҚ-Фармация" дауы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрден "СҚ-Фармация" компаниясының қандай сын айтылғанын білесіздер. Ол жерге салмақты реформа керек. Осыған байланысты не істелді?", - деп сұрады. 

"Қазіргі уақытта сіздің тапсырмаңызды орындаудың нақты жоспары құрылған. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бақылауында. Біз қоғамдық жұмыс тобын құрдық. 23 адамнан тұратын жұмыс тобына азаматтық қоғамның, қауымдастықтардың өкілдері мен депутаттар кірді. Біздің бақылаушы оның құрамына қоғам өкілдерін де енгізді. Бұл ретте дәрі-дәрмекті сақтау мен тасымалдау жұмысының электронды сатып алу тәртібіне көшкенін өте маңызды мәселе деп айтар едім. Биыл дәрі-дәрмекті сатып алу шаруасын толығымен автоматтандыруды көздеп отырмыз. Осының арқасында өткен жылдан қарағанда біршама қаражатты үнемдей аламыз", - деп жауап берді шенеунік. 

Талқылау