Денсаулық сақтау министрі кинотеатрлар қашан ашылатынын мәлім етті
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда кинотеатрлар қашан ашылатыны жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Киноиндустрияның мәселесі талқылануда. Біз халықтың алаңдаушылығын біліп те, көріп те отырмыз. Кинотеатрларды қалай ашуға болатынын ойластырып жатырмыз. Бірінші кезеңде кинотеатрлар 30%-дық сыйымдылықпен іске қосылуы мүмкін. Жақын арада ведомствоаралық комиссия осы жағдайға байланысты шешімін шығарады", - деді Цой.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы кинотеатр басшылары құрдымға кетіп барамыз деп, дабыл қаққан болатын.
Қазақстанда кинотеатрлар ашылатын болды: Ұсынысты мемлекеттік комиссия талқылауда
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”