Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі елдегі коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы айтты

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 58 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ-де өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біртанов

"Өздеріңізге мәлім, кеше коронавирус жағдайына байланысты Үкіметте ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жалпы, қазіргі күні елімізде коронавирус жұқтырып алған 9 300-ден астам адам тіркелді. Олардың арасында 50 пайызы, яғни 4 600-ден астам науқас жазылып, ауруханадан шықты. Өкішінке орай 37 науқас қайтыс болды", - деді Елжан Біртанов.

Министр айтуынша, науқастардың 85 пайызының жағдайы жеңіл деңгейде.

"Көбіне науқастар симптомсыз тіркелген. Бірақ 13 пайызы - 543 науқас орташа жағдайда, 1,5 пайызы - 58 науқас ауыр жағдайда, 19 науқас жасанды вентиляцияға қосылған", - деді ол. 

Денсаулық сақтау министрлігі басшысы қазіргі уақытта 4 653 науқас ем алып жатқанын және олардың арасында 355 бала бар екенін атап өтті.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, коронавируспен ауыратындардың жалпы саны елде 9304-ке дейін өсті.

Талқылау