Кешкі сағат 8-ден кейін жедел жәрдем шақыра алмайды: Денсаулық сақтау министрі жаңа ережені түсіндірді
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстандағы жедел жәрдем шақырудың жаңа ережесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Министрдің айтуынша, жаңа ережелер бойынша қоғамдық талқылау жақында ғана аяқталған. Құжат әлі бекітілмеген.
Жаңа ережеге сәйкес, 4-санаттағы науқастар жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін ғана жедел жәрдем шақыра алады. Қалған уақытта олар медицина мекемелерінің жедел жәрдем бөліміне өз бетінше баруы қажет.
"Бастапқыда бұйрық жобасында жедел медициналық жәрдем қызметі 1, 2 және 3-санаттағы науқастарға тәулік бойы қызмет көрсететіні және жұмыс істейтіні айтылған. Ал 4-санаттағы науқастарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімдігі мен жылдамдығын қамтамасыз ету мақсатында 4-санаттағы науқастарды түнгі уақытта жедел медицина жәрдем станциясына көшіру, ал поликлиникаларда жұмыс уақытын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін қалдыру ұсынылады", – деді Әлназарова.
- "МӘМС-тің миллиардтары қайда кетіп жатыр: Астаналық жедел жәрдем қызметкерлері науқастардың шақыртуына жеңіл көлікпен барған
- 2025 жылы Ораза қашан басталады
Министрдің айтуынша, бұл бастама сарапшылар мен практикалық денсаулық сақтау өкілдеріне тиесілі.
Айта кетейік, жедел медицина көмегін көрсету ережесіне енгізілген жаңа түзетулерде жедел жәрдем шақырудың 4 шұғыл санаты белгіленген.
- 1-санаттағы шұғыл шақыру – дереу медицина көмегін қажет ететін өміріне тікелей қауіп төніп тұрған науқас;
- 2-санаттағы шұғыл шақыру – медицина көмегінсіз өміріне ықтимал қауіп төніп тұрған науқас;
- 3-санатты шұғыл шақыру – медицина көмегінсіз денсаулығына қауіп төніп тұрған науқас;
- 4-санаттағы шұғыл шақыру – ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп төндірмейтін, жедел аурудан немесе созылмалы аурудың өршуінен туындаған науқас.
Еске салсақ, бұған дейін жедел жәрдем бригадасын шақырған қазақстандыққа 80 мың теңге айыппұл салынғаны туралы жазған едік.

"Күн сайын 20 000 теңге беруге уәде берген": Қазақстандық азамат ИП-сін жалға беріп, алаяқтардың құрбаны болды
