Денис Тенге көмек көрсеткен полицей оқиғаның қалай болғанын айтты

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта куәгер ретінде келген полиция қызметкері Еркінбек Ердос Еркінбекұлы оқиғаның қалай болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz сот залынан.

Еркінбекұлының айтуынша, ол оқиға орнына келгенде Денис ессіз күйде қансырап жатқан. Бұл сәтті оның Денис Тен екенін білмеген.

“Мен рация арқылы пышақ жарақаты туралы ақпарат алған кезде Масанчи көшесінің бойындағы ІІД мекемесіне қарсы жерде тұрдым. Қабанбай батыр мен Абылай хан көшесімен көлікпен жүріп өтіп, Шевченоко бір бағытты болғандықтан автобус жолағымен қарсы бағытта жүрдім. Алдымнан полиция қызметкері кездесіп қылмыс болғанын түсіндірді. Екі күдіктінің Абылайханмен қашқанын айтты. Мен оқиға орнына келгенде жас жігіт ессіз күйде қорылдап жатты. Одан көп қан ағып жатты. Мен рациямен полицейлерге хабарлап, жедел жәрдем шақырып, күдіктілердің қайда қашуы мүмкін жақтарын хабарлап отырдым. Футболкасын жыртып, денесін байлауға тура келді. Ол жерде 5-6 адам болды. Бір жігіт оқиғаның қалай болғанын көргенін айтты. Одан сол жерде қалып, жауап беруін сұрадым”, – дейді Еркінбек Ердос Еркінбекұлы.

Айтуынша, жедел жәрдем келген соң зардап шегушіні салып жіберіп, өздері оқиғаның қалай болғанын анықтауға кіріскен. Одан өзге оқиға орнында полиция қызметкері болмаған. Ал куәгер Денис құлаған уақытта көлігінде отырған. Жігіттердің жүгіріп кеткенін көрген. Полиция қызметкері зардап шегушіге көмек көрсетуін сұрап, өзі күдіктілердің соңынан қуа жөнелген. Осы кезде ғана қылмыс болғанын түсініп, көлігінен  түсіп көмекке ұмтылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

42 500 теңгенің жыры: Банктердің алдында кезекке тұрған халық төбелесетін жағдайға жетті

Халық таңнан кешке дейін ұзын кезекке тұрады

Қазақстанда тағы 18 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Жалпы жұқтырғандар саны 569 адамға жетті

Алматы облысында студенттер сабақ оқу үшін тау басына шығуға мәжбүр

Себебі, облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елдімекенде интернет жоқ

42500 теңге жәрдемақыны бәрі бірдей ала алмайды: Жаңа өзгерістер енгізілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақыны кімдер ала алатынын айтты

42500 теңге туралы жалған мәліметтер үшін жауапкершілік қарастырылған - Еңбек министрлігі

Бүгінде 412 мыңға жуық өтініш келіп түскен

Қазақстанда коронавирустан алтыншы адам көз жұмды

️Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды

Түркістан облысында 5 жасар бала коронавирус жұқтырып алды

Осы уақытқа дейін өңірде 25 адамнан коронавирус індеті анықталды

Қостанайда бүтін бір ықшам ауданның тұрғындары өз еркімен оқшаулануға шешім қабылдаған

Олар кіреберіске бетоннан жасалған қоршау қойып, орталық кіру жолына санитарлық бекет орналастырған

Жамбыл облысында 17 адамнан коронавирус анықталды: Әкімдік түсініктеме берді

Төрт науқас - Үндістаннан келген рейс жолаушылары

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 550-ге жетті

Елде жалпы 551 жұқтыру жағдайы расталды
Çàãðóçêà...