Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денесі жансызданып қалды: Алматыда ер адам көшеде қызды соққыға жыққан

23 маусымда Алматыда ер адам қызды ұрып-соққан. Соққының салдарынан қыздың денесі жансызданып қалған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейнероликтен скриншот

Оқиға бейнежазбаға түсіріліп, желілерге таралған. Қалалық полиция департаменті ер адамның ұсталғанын мәлімдеді.

"Бүгін Төле би, 160 көшесінде ер адам 25 жастағы қызды ұрып-соғып, денесін жансыздандырып тастады", – делінген бейнероликтің сипаттамасында.

Кадрларда ер адамның полицеймен жайбарақат сөйлесіп тұрғанын байқауға болады, ал жақын жерде дәрігерлер қызға көмектесуге тырысады.

Полиция департаменті оқиғаға түсініктеме берді.

"1985 жылғы күдікті ұсталып, одан әрі талқылау жүргізу үшін Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөліміне жеткізілді. Оның іс-әрекеттеріне ҚР заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі. Қыздың дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін өндіріс шеңберінде сот-медициналық сараптама тағайындалады", – деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 23 Маусым, 2023 15:17