"Демаркация аяқталмады": Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара мәселесі қашан шешілетіні белгілі болды
Мұзтау (Белуха) аумағында Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара белгілеу мәселесі әлі аяқталған жоқ. Демаркациялаудың қашан бітенін сенат депутаты Ольга Булавкина айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Курсивке сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Ольга Булавкинаның айтуынша, шекара нақты белгіленген соң қос тарап екі елдің туристері тауға еркін кіріп-шығу мәселесін талқылайды.
“Мұнда барлығы шекараны демаркациялаудың қашан аяқталуына байланысты. Ол жердегі туризмнің дамуы екі ел үшін де маңызды. Процесс аяқтала салысымен екі елдің министрлері өзара келісімге отырып, Мұзтау аумағына барып, туристік орындардың қалай орналасатынын талқылайды”, – дейді депутат.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың айтуынша, қазірдің өзінде жергілікті қызметтер тиісті келісімдер жасасқан. Бірақ мұның бәрі заңды болуы керек. Сондай-ақ ол бұл мәселе өзара шешуді қажет ететінін атап өтті.
“Мәселе тек ресейлік туристердің бұл аумаққа кіре алмайтынында емес. Егер біз өзара байланысты реттесек, онда біздің туристер де Ресей аумағына жақын болғандықтан шекарадан өтуге тура келеді. Олай болмаған жағдайда ұзақ жолмен айналып өту керек болады. Егер қос мемлекет те шекарадағы өткелді жасауға ниетті болса оны салу керек”, – дейді Ермек Көшербаев.
Оның айтуынша, шекара мәселесі үкіметаралық комиссияның отырыстарында талқыланады. Бірақ оның қашан шешім табатыны орталық органдардың келісіміне байланысты.
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны белгілеу мәселесін тезірек аяқтауды тапсырған еді. Қазақстан-Ресей шекарасы Мұзтаумен (Белуха) өтетіндіктен туристер табиғи насанға барғанда екі жақтан шекаралық бақылау ережелерін бұзуға мәжбүр.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан мен Ресейдің арасына ешкім сызат түсіре алмайтынын айтқан еді.

"Дәрігерлер ертерек бала туып ал деді": 24 жасында ерте климаксқа ұшырап, денсаулығы сыр берген ару қыз-келіншектерге жолдау жасады
