Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны демаркациялау процесі қандай сатыға жеткені айтылды

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ресей Федерациясымен шектескен шекараны демаркациялау жұмыстары қандай сатыда екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сенат отырысынан кейін Роман Василенко еліміздің шекарасын межелеу мәселесіне тоқталды. Ол Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны демаркациялау процесі бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқанына тоқталды. Әрі қазір қорытынды кезеңге жақындап қалғанын айтты. 

“Қазақстанның Ресеймен шекарасының ұзындығы 7,5 мың шақырымнан астам. Сондықтан жергілікті орындарда шекара сызығын анықтауда қиындықтар туындап жатады. Өйткені шекара сызығы күрделі рельефтің үстімен өтуі мүмкін. Мысалы таулы жерлер арқылы дегендей. Сондықтан Ресей Федерациясымен шекараны демаркациялау процесі үздіксіз жалғасып жатыр”, - деді вице-министр. 

Сонымен қатар, ол екі елдің арасындағы шекара әлемдегі ең ұзаққа созылып жатқан шекара екенін еске салды.

Талқылау