Алматыда аты аңызға айналған гимназиядан дау шықты: Басшылық қаражатты ысырап етті және заңсыз жұмыстан шығарды деп айыпталды
Фото: Видеодан скрин / Айжан Мамешова мен Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия
Алматыдағы №12 гимназияда бұрынғы директор мен басшылыққа қатысты дау ушығып тұр. Блогер әрі оқушының туысы Айжан Мамешова экс-директор Рахима Сәкенова мен қазіргі мектеп әкімшілігіне бірқатар заңбұзушылық пен қысым көрсету әрекеттерін жария етті. Оның айтуынша, мектепте мұғалімдерді қорқыту, заңсыз жұмыстан шығару және қаржы жымқыру деректері болған. Даулы мәлімдемеден кейін экс-директор Сәкенова мектептен ресми түрде жұмыстан босатылып, енді бұл білім ордасына заңды түрде кіру тыйым салынған. Дегенмен блогер оның әлі күнге дейін мектепке келгіштеп жүргенін және қазіргі директормен байланысы бар екенін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы білім басқармасынан толығырақ сұрап білді.
“Шаян секілді жәндіктерді” де жаншып тастайды”
Алматы білім басқармасының дерегінше, Рахима Сәкенова бұл мектепті 2012-2019 жылдар аралығында басқарған. Басшылық лауазымнан кетсе де әйел мектепте қызметін жалғастыра берген. Білім басқармасы 2024 жылдың басында гимназияда тағы да қаржыға байланысты шу шыққанын атап өтті. Ақпанда жұмысқа қабылданған бас бухгалтер мұғалімдердің жалақысын дұрыс есептемей, мемлекет ақшасын жымқырғаны анықталды. Қазір бұл іспен арнайы тексеру айналысып жатыр екен.
Айта кетейік, бұған дейін де дәл осындай жағдай болған. 2019 бен 2023 жылдар аралығында жұмыс істеген бухгалтер де қаржылық тәртіпті бұзып, үлкен сомада ақша жымқырғаны үшін 7 жылға сотталған. Сол уақытта мектепті басқарған директор да 2023 жылдың соңында өз еркімен қызметтен кеткен. Жаңа оқиға шыққан соң, мектеп директорының міндетін уақытша атқарған ер адам да 2024 жылдың қарашасында орнын босатты. Ал осы бүкіл жағдайлардан кейін, көп жылдар бойы мектептің дамуына үлес қосқан Рахима Сәкенова да жұмыстан кетуге шешім қабылданған.
Блогер Айжан Мамешова да жүргізілген тексерулерден Рахима Сәкенова ресми түрде қызметінен босатылып, қазір аталған мектепке бөгде адам ретінде кіруіне заңды тыйым салынғанын айтады.
“Лариса Уаттаевнаның әлі күнге дейін директордың міндетін атқарушы болып отырғаны бекер емес екен?! Бірақ жақын арада оның байланыстарына қатысты қылмыстық іс қозғалады деп үміттенемін. Сонымен қатар білім басқармасы менің №12 мектептің әкімшілігіне қарсы берген сот талап-арызымды қолдап отыр. Оларда бұл мектептің басшылығы бойынша жиналған үлкен іс бар екен. Бұған қоса, мектептің бүкіл бухгалтериясы, әсіресе, бұрынғы директор Рахима Сәкенова басқарған кезең тексеріледі. Мектеп мұғалімдері маған әлі күнге дейін түрлі ақпаратты жолдап отырады және экс-басшыларының "ықпалды кардинал" болғанын айтады. Сәкенова мен Жетпісбаева 6 сәуір күні өткен жиналыста ешкімнен қорықпайтындарын, тіпті "шаян секілді жәндіктерді" де жаншып тастайтындарын айтып, ашық түрде қоқан-лоқы көрсеткен. Алайда менің арызымнан кейін және тексерістен кейін ең алдымен осы мектептен Рахима Сәкенова ресми түрде жұмыстан шығарылды”, – деді Айжан Мамешова.
Айжан Мамешованың айтуынша, бөгде адам ретінде саналса да, әйел мектеп аумағынан көрініп жүр.
Айжан Мамешованың №12 мектепке қатысты жиналған материалдар негізінде алдағы уақытта жаңа фактілермен толықтырылуы мүмкін екенін атап өтті. Оның мәлімдеуінше, мектепке тексеріспен келетін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия аясында анонимді сауалнама жүргізілмек. Сондай-ақ қазіргі директордың міндетін уақытша атқарып отырған Лариса Уаттаевнаның әрекеттері де назарға алынған. Айжан Мамешова бұл тұлғаның қысқа уақытта екі тәртіптік сөгіс алғанын атап өтті. Егер үшінші сөгіс те тіркелсе, оның қызметінен босатылуы әбден мүмкін екенін жеткізді.
Сонымен қатар блогер осы директордың басқару кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айшат Шуленова заңсыз жұмыстан шыққанын алға тартты.
Фото: vk.com/club2689289
“Мектеп әкімшілігі де блогердің үстінен арыз жазған”
Осы ретте редакция Алматы білім басқармасына хабарласып, білім ордасында қандай былық болып жатқанын сұрап білді. Сонымен қатар Айжан Мамешованың ата-ана емес 3-сынып оқушысының әпкесі екені белгілі болды.
“Тексеру барысында педагогтармен, ата-аналармен және оқушылармен жүргізілген сұхбаттан кейін Айжан Мамешованың өтінішінде айтылғандай, мұғалімдер тарапынан физикалық күш көрсету немесе буллинг фактілері расталған жоқ. Педагогтардың кәсіби этикасына қайшы келетін мінез-құлық немесе тәртіп бұзушылықтар анықталған жоқ. Айжан Мамешова баланың заңды өкілі емес, сондықтан оның білім беру процесіне араласуы және мұғалімдерге айып тағуы орынсыз әрекет. Баланың ата-аналары бар және олар ғана оның тәрбиесі мен білім алуына қатысты шешім қабылдауға құқылы”, – деп жауап берді Алматы білім басқармасы.
Басқарма дерегінше, блогер әлеуметтік желілер мен ашық алаңдарда мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне, соның ішінде 45 жылдан астам еңбек өтілі бар ұстаздарға қатысты жалған және қорлайтын мәлімдемелерді жүйелі түрде таратып жүр. Алматы білім басқармасын блогердің бұл әрекеттері Азаматтық кодекстің 147-бабын (Мәміле ұғымы) және Еңбек кодексінің 143-бабын (мемлекеттік органдардағы келісімшартпен жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеу) тікелей бұзады деп атап өтті.
Осыған байланысты мектеп әкімшілігі де блогер Айжан Мамешованың үстінен арыз жазған.
“Ар-намысын таптап, педагог атағына нұқсан келтіріп, педагогтың рұқсатынсыз бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялағаны үшін педагог Ұлдай Ниярова блогер Айжан Мамешованың үстінен Медеу аудандық сотына арызданды. “Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия” әкімшілігі гимназияның іскерлік репутациясына кір келтіріп, жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа арызданды”, – деп жауап берді білім басқармасы.
Сонымен қатар блогердің мұғалімдердің бірі заңсыз қызметінен қуылды деген мәлімдемесін жоққа шығарды.
“Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айшат Шуленова 2025 жылдың 8 қаңтарында тұрмысқа шығуына және жеке кәсіп бастауына байланысты өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазып, №7 бұйрық негізінде қызметінен босатылған. Оның жұмыстан өз еркімен шыққаны аудиожазбалар мен WhatsApp желісіндегі хат алмасулар арқылы расталған. Қызметтік этика мен еңбек заңнамасына сәйкес, ешқандай қысым көрсетілмегені анықталды”, – деп түсіндірді Алматы білім басқармасы.
Осы жағдайлардан кейін мектепте ішкі тәртіп күшейтіліп, қауіпсіздік пен әділеттілікке баса аударылған. Осылайша, Лариса Жетпісбаева 2025 жылдың 15 сәуірінен бастап өзінің өтініші бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінен босатылған. Алайда әйел мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде жұмысын жалғастыра бермек.
Айта кетейік, №12 гимназиясы 1924 жылы 22 қазанда Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен өлкелік тәжірибелік-көрсетілімдік мектеп ретінде құрылған. Бастапқыда тек бастауыш білім беретін бір ғана сатысы болған. 1936 жылы дәл осы мектеп республикада толық орта білім беру жүйесінің негізін қалаған.
Мектептен 70-тен астам академик, 300-ден астам ғылым докторы, 500-ден аса ғылым кандидаты, сондай-ақ көптеген мәдениет қайраткерлері түлеп ұшқан.
Оқушылар қатарында Қазақстанның мақтанышына айналған тұлғалар бар. Олар әнші Күләш Байсейітова, суретші Әбілхан Қастеев, режиссер Асқар Тоқпанов, композиторлар Нұрғиса Тілендиев, Сыдық Мұхамеджанов, Әсет Бейсеуов, ғалым Мансұр Сағатов. Сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері Қайрат Сарыбай, Шәмша Беркімбаева, Кенжалы Айманов, Марат Әшім, Жанар Айтжанова сынды көптеген белгілі тұлғалар осы мектептің түлектері.
@aykosha88888 @БІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТ @Aqorda 🇰🇿 @ANTIKOR @Gen_prok_kz @knbgovkz_official @Открытый парламент.kz @ЖУРНАЛИСТТІК ЗЕРТТЕУЛЕР @Ермухамет Ертысбаев | НПК @Ұлан политблогер @Салтанат Ташимова @Сандугаш Дуйсенов971 @Елена Садвакасова @Provokator666kz #fyp #rec #рек #хочуврек #алматы #казахстан ♬ оригинальный звук - aykosha55555

"300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін барады”: Қазақстандықтар өлімнен кәсіп істеп отырғандардың әрекетіне наразы
