Демалыс күндері енгізілген шектеу шаралары қашан алынып тасталады: Бас санитарлық дәрігер түсіндірді
Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова демалыс күндері енгізілген шектеу шараларын алып тастау туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда демалыс күндері енгізілетін шектеу шараларын алып тастау мәселесі әлі қарастырылмаған. Алдағы уақытта да бұл шектеулер жалғасын таппақ. Бас санитардың айтуы бойынша, бұл шаралар эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін жасалып жатыр.
"Демалыс күндері шектеу шараларын алып тастау туралы мәселе әзірге қарастырылмайды. Бізде демалыс күндері онсыз да аздаған ғана шектеу қалып отыр. Ол демалыс күндері адамдар көп жиналатын сауда, ойын-сауық орталықтарының, жабық базарлардың, фитнес-орталықтардың, спа-орталықтардың және сұлулық салондарының жұмысына ғана шектеу бар. Бұл өте төменгі талап саналады. Біздің міндетіміз – эпидемиологиялық ахуал тұрақтылығын сақтау және аурудың одан ары төмендеуіне қол жеткізу", - деді Айжан Есмағамбетова.
Сонымен қатар, Есмағаметова сенімсіз ақпараттарды оқып, таратпауға шақырды. Ол ресми дереккөздерді пайдалану керек екенін жеткізген.
"Маусым-шілде айындағы ауруға шалдығумен қарағанда бүгінде елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты екендігін айта аламыз. Мемлекеттік органдардың ақпаратын, яғни, ресми ақпараттарды ғана пайдаланыңыздар. Жиын өтіп, талқылаудан кейін қыркүйекте карантин енгізеді деп жүргендерге айтарым, мұндай ресми ақпарат жоқ. Барлығы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты", - деді бас санитар дәрігер.
Еске салсақ, Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 20 қыркүйектен кейін карантин енгізу туралы қауесетке түсініктеме берді.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
