"Делайте, мен үшін жастар төбелеседі": Шерзат ісінде Чика деген кім екені және оның бұйрық берген-бермегені айтылды
Фото: Куәгер Санат Әбдіқадыр және жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов
Қаржаубай Нұрымовтың айтуынша, марқұм бауыры Нұрқанат Ғайыпбаев пен Санат Әбдіқадыр қол алысып, бауырларының ерегісін шешкендей болған. Сол сәтте Санаттың аузынан "Мен төбелеспеймін ғой, шалмын ғой. Мен үшін жастар төбелеседі" деген сөздер шыққанын естіген. Кейін кетіп бара жатып, Санат "делайте, жігіттер" деп айтқанын да байқаған. Ал куәгер Санат бұл айтылғандарды жоққа шығарып, бұл сөзді мүлдем айтпағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
5 мамырда Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысында жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов мен өткен аптада сот отырысында куәлік еткен Санат Әбдіқадырдың алдын ала тергеу барысындағы беттестіру видеосы көрсетілді.
Видео Санаттың 28 сәуір күні жауабынан кейін және тағы куәгерлердің сөзінен соң көрсетілді. Куәгерлердің айтуынша, дүкен алдына келген соң "Чика" әзіл аралас сөйлесіп, өзін "шалмын" деп таныстырған. Артынша дүкеннің есігін ашып, ішке кіріп "Делайте" деп достарына бұйрық берген. Осы сөзден кейін төбелес басталған. Куәгерлердің сөзінше "Чика" деп тұрғаны осы Санат Әбдіқадыр. Сотта ол қатты мазасызданып, жиі су ішкен. Жауап алу барысы 14 минутқа созылған.
Беттестіру видеосында Қаржаубай өзінің бауыры Нұрғанат Ғайыпбаевпен Санат Әбдіқадыр қол беріп амандасқанын және татуласқанын көргенін айтады.
"Екеуі сөйлесіп тұрған кезде дүкеннің алдында тұрдым. Сол кезде екеуі қол берісіп жатқанда Санаттың аузынан "Мен төбелеспеймін ғой, шалмын ғой. Мен үшін жастар төбелеседі" деген әңгіме шықты. Кейін Нұрғанаттан бәрі дұрыс па деп сұрағанда бауырым бәрі жақсы деп жауап берді. Алайда кетіп бара жатқанда Санат "делайте, жігіттер" деп айтты. Сағат түнгі 00:35 еді, осы әңгімеден соң 00:40-тарда "102-ге", жедел жәрдемге хабарластым. Ешқайсысы телефон тұтқасын көтермеді. Бұдан кейін дүкеннің артқы жағында осылардың, яғни үш адамның тұрғанын көрдім. Кейін бұлар және тағы 2 қыз сыра алу үшіне дүкенге кірді. Сосын дүкеннің артында төбелес басталғанын көріп, сыра сатылмайды деп шығарып жібердім", – деді Қаржаубай.
Қаржаубай Санат Әбдіқадырдың оқиға орнында болған жігіттердің бәрін танитынын, қол алысып амандасқанын айтады.
"Балалардың арасында ең бірінші болып осы – Санат сөйлесті. Әлгі төбелеске қатысқан балалар әлі келмеген еді. Сол кезде марқұм баламның үш-төрт досы келді. Жалпы айтқанда 20-ға жуық жас балалар жүрді", – деді Қаржаубай Нұрымов.
Алайда беттестіру кезінде куәгер болған Санат Әбдіқадыр жәбірленуші Қаржаубайдың сөзін жоққа шығарып, "делайте" деген сөздің аузынан мүлдем шықпағанын айтты.
"00:35-те дүкенге Дидармен бірге кіреміз. Қаржаубай аға, бірінші болып Дидармен, артынша менімен амандасады. Басында бұл кісіні байқамай қалыппын. Дүкенге кірмес бұрын Нұрқанатпен қол алысып, сөйлестік. Дүкенге кірген соң іле-шала далада гүрс-гүрс деген дауыстар естілді. Сол кезде аға бізді "шығыңдар, шығыңдар" деп қуып шықты. Сөйтіп көлікке отырып кетейік деген кезде "Кабан" көлігі алдымызды жауып тастапты. Әйтеуір оны айналып өтіп, сол жерден кетіп қалдық. Аға шын жүректен сізге көңіл айтамын. Балаңыздың жатқан жері жайлы болсын. Бірақ ол жерде біздің қатысымыз жоқ. Біз жай ғана дүкенге зат алуға кірген адамбыз. Біз шақырсақ, бізді өлтіріп кетпейтініне кім куә?.. Өзіңіз білесіз ғой, аға... 7 айлық баламның, Алланың атымен айтайын. Төбелес басталғанда кетіп қалып тұрмыз ғой. Ал тағы төбелес басталды деп жалған ақпарат берсем, айыппұл төлеуіме тура келетін еді...", – деп жауап берді оқиға орнында болған куәгер Санат Әбдіқадыр.
"Абзал "ешнәрсе айтпаңдар, бұл біздің "тема" деді": Шерзат сотында тағы екі куәгер жауап берді
Шерзаттың өліміне қатысты айыпталушылардың күлген видеосы желіге тарап кетті: Сот тексеріс бастады
Шерзат ісі бойынша Чика мен тағы екі куәгерді жазаға тартуды талап еткен петиция пайда болды
Еске салайық, бұған дейін 5 мамырда өткен сот отырысында куәгер Сәкен Әкежанов түнде екі рет атылған мылтық дауысынан оянып, балконға шыққанын айтып берді. Ол шамамен 10 адамның бір жігітті аяусыз ұрып жатқанын көріп, жедел жәрдем шақырған. Айтуынша, оқиға прожектор жарығында анық көрініп тұрған. Алайда сотта адвокаттар оның бұрынғы жауабына күмән келтіріп, кей тұстарда нақты айтпағанын ескертті. Куәгер заттың мылтық болғанын да анық айта алмады.
Ал келесі куәгер Дарын оқиға орнына төбелестен кейін барғанын айтты. Ол жерде екі оқ, кілт және қан көрген. Екі оқтың бірін әйел адам алып, "Sonata" көлігіне мініп кетіп қалғанын, ал жедел жәрдем оқиға орнына кейінірек келгенін баяндады. Сондай-ақ жараланған екі адамның қай жерде жатқанын көрсеткен. Дарын сотталушы Нұрқиясты танитынын, бірақ оның сотталғанын білмегенін атап өтті.

“Кадрда көрінбеуің керек": "Жайдарман" ойындарын көруге барған қазақстандық ару орамалы үшін қысымға ұшыраған
