Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Декреттік демалыстағы әйелдер 42500 теңгені ала алады

Декреттік демалыстағы әйелдер бір жастан асқан баланы тәрбиелеп отырған жағдайда 42 500 теңге көлемінде төлем ала алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жүктіліктің алғашқы белгілері қандай?

"Декреттік демалыстағы әйелдерге қатысты біз жағдайды бұрынғыдай қалдырдық. Егер бала бір жасқа толмаған болса, онда әлеуметтік сақтандыру қорынан мемлекеттік жәрдемақы немесе бала күтімі үшін әлеуметтік төлем төленеді. Бұл жағдайда олар (42 500 теңге) алмайды", - деді министр.

Егер бала бір жастан асса және әйел жұмыс істеуге шықса, бірақ карантинге байланысты табысынан айрылса, ол 42 500 теңгені ала алады.

Бұл жағдайда жұмыс беруші өтініш беруі керек.

Декреттік демалыстағы әйелдердің жеке кәсіпкерлері болса немесе БЖТ-ны тұрақты төлейтін болса, 42 500 теңге алады.

"Өткен жолы төтенше жағдай кезінде алғашқы рет БЖТ төлеген әйелдер өздерінің бейресми жұмыспен қамтылуын растап, бұл жолы да төлем ала алады", - деп нақтылады Нұрымбетов.

42 500 теңге біржолғы төлеміне өтінімдерді 17 шілдеден 1 қыркүйекке дейін беруге болады.

Бұған дейін министр кімдер 42500 теңгені ала алмайтынын айтқан еді. Сонымен қатар,  Аружан Саинның ақшаны балалар санына қарай беру туралы ұсынысына жауап берді.

Талқылау