Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ коронавирустың агрессивті түрде өршуін қауіпсіз деп тапты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вьетнамдық Да Нангта коронавирустық инфекцияның жаңа агрессивті өршуі ешқадай қауіп төндірмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.  

Бұл туралы ұйымның Вьетнамдағы өкілі Кидон Парк мәлімдеді. 

"Да Нангта ауруды тудыратын вирус шілде айында басқа елдерде таралған COVID-19-ге ұқсас. Вирустың бұл түрлерінде мутация пайда болғанымен, алаңдаушылық тудырмайды", - деді ол.

ДДСҰ өкілі COVID-19 инфекциясы мен қауіптілігі өзгермегенін атап өтті.

27 шілдеде Да Нанг пен оның айналасындағы провинцияларға жаңа коронавирустың шыққаны туралы белгілі болған. Артынша ғалымдар вирустың тез тараатынын және өте ауыр инфекция екенін анықтаған. 

Вьетнамда Джонс Хопкинс университетінің жобасынан алынған соңғы мәліметтерге сәйкес коронавирустық инфекцияның 446 жағдайы тіркелген. Жалпы, әлемде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 16,6 миллионнан асты. Пандемия 188 елге әсер етті.

COVID-19 пневмониясының ауруы алғаш рет 2019 жылы желтоқсанда Ухан қаласында тіркелді. 11 наурызда ДДСҰ жағдайды пандемия ретінде сипаттауға болатынын мәлімдеді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 29 Шілде, 2020 16:38
Талқылау