ДДСҰ: Еуропада COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өскен
Соңғы аптада Еуропада 700 мыңнан астам COVID-19 ауруы расталды. Бұл пандемия басталғаннан бері аурудың жаңа анти-рекорды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ДДСҰ мәліметтеріне сілтеме жасап.
Еуропада апта сайын коронавирус ауруы және одан болатын өлім-жітім сәйкесінше 34% және 16%-ға артты. Аймақтағы COVID-19 жағдайларының жартысынан көбі Ұлыбритания, Франция, Ресей және Испания елдерінде анықталған.
Осы уақытта Испанияда, ДДСҰ мәліметтері бойынша, жаңа жағдайлардың саны соңғы апталармен салыстырғанда "айтарлықтай төмендегенін" көрсетті. Сонымен қатар, Польшада вирус жұқтыру және одан көз жұму жағдайлары сәйкесінше 93% және 104%-ға өсті.
Бұған дейін ДДСҰ коронавирустың екінші толқыны жоқ деп мәлімдеді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ