Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі аптада үйленуге шешім қабылдадық": Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелімен қалай танысқанын айтып берді

дәурен айдарқұлов Фото: Видеодан скриншот

Жақында үшінші рет шаңырақ көтерген танымал қазақстандық актер Дәурен Айдарқұлов әйелімен қалай танысқанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жарымен қалай танысқанын жазып, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған. Актердың сөзінше, ол үшінші әйелімен Threads желісі арқылы танысып, бар-жоғы екі аптада үйленуге шешім қабылдаған. 

“Бірнеше ай бұрын Threads-ті өшірген едім. Себебі қарапайым, бұл желіден керек дүниенің бәрін алдым. Шынымды айтайын, бұл қосымшаны мен өзіме жар іздеу үшін пайдаланған болатынмын. Іздеу барысында желінің алгоритмі менің талғамымды түсінген болса керек, парақшама болашақ жар болуға лайық қыздар шыға бастады.
Екі ай өткен соң расымен көңіліме қонған бір парақшаны көріп, бірден оған жаздым. Екі аптадан кейін біз үйленеміз деп шешім қабылдадық.
Қысқасы, әлеуметтік желілердің де пайдасы бар екен”, – деп жазған ол.

Әйелімен танысу

Айта кетейік, биыл қазан айында Дәурен Айдарқұлов үшінші рет шаңырақ көтерген еді. Кейінірек ол үшінші әйеліне құда түсіп, ұзатып алғаны хабарланған болатын. 

Еске салайық, бұған дейін Дәурен Айдарқұлов үшінші әйеліне қандай сыйлық бергенін көрсеттті.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 18 Қараша, 2025 10:13
Талқылау