Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов: Нағыз азамат өзінікі деп санаған әйелді ғана сүйеді, басқаны қаламайды

Дәурен Айдарқұлов желіде нағыз ер азаматтың сипатын жазды. Нағыз азамат өз әйелін ғана сүйеді, басқа ешкімді қаламайды дейді актер. Желі қолданушылары әзілкештің сөзіне қарсы сұрақтар қойып жатыр. 

Мүлдем сүйіспеңіздер: Дәурен Айдарқұлов жігіттерге кеңес берді

Дәурен Айдарқұлов желіде көлемді жазба жариялап, жеке көзқарасы жайлы айтып жүр. Әртүрлі тақырыптарды қозғап, желідегі оқырманына сауалдар қояды. Бұл жолы нағыз ер азаматтың сипатын айтты.

"Нағыз ер азамат өз әйелін ғана сүйеді, басқа ешкімді қаламайды. Нағыз ер азамат жөнсіз уәде бермейді. Өзі жасай алмайтын немесе жасамайтын нәрсені уәде айтпайды. Нағыз ер азамат өзі қалаған әйел үшін жауапкершілікті мойнына алады. Нағыз азамат балаларын жақсы көреді. Ал сіздер тағы не қосар едіңіздер", - деп жазды Айдарқұлов

Желі қолданушылары әзілкештің сөзіне қарсы сұрақтар қойып жатыр. 


Дәурен Айдарқұлов: Мені жындар әлемі қызықтыра бастады, жындарды зерттеген соң намаз оқыдым


"Саған арналмаған екен өкінішке орай", "Сонда екінші әйеліңіздің, балаңыздың қадірі болмай қалды ма? Ол қыздың ар намысын табалап болып, өтірік пайдаланып болдыңыз. Сол еркектік қасиетке жата ма? Ертең қызыңызға не қарындасыңызға сіз сияқты жасаса қандай боласыз? Шариғатта олай жаса демеген. Алла ұлық. Саралайды", "Сіз өзіңіз нағыз ер азаматсыз ба?", "Сіз бұл айтқандарыңызды жасадыңыз ба?", "Бәрін Алла біледі, біреудің өмірін талқыламайық", "Адаспайтын адам болмады", - деп жазды желідегілер. 

Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов күні кеше жақсы көретін адамым қасымда жоқ деп жазба қалдырды. 

Талқылау