Дастан Сәтпаев әлемнің ең үздік жас футболшыларының қатарына енді

Фото:КФФ
“Қайрат” футбол клубының жас шабуылшысы, талантты футболшы Дастан Сәтпаев әлемдегі ең жас үздік футболшылардың қатарына енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Британдық танымал The Guardian газеті жылдың ең үздік жас футболшылар тізімін жариялады. Айтулы рейтингке “Қайрат” футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев бар. Дастан Сәтпаев қазақ футболшыларының арасынан бұл тізімге ілінген жалғыз футболшы. Әлемнің үздіктер қатарына танымал клубтардың жас таланттары да енген.
Олар, "Барселона" сапынан — вингер Тони Фернандес пен жартылай қорғаушы Нико Гильен, "Боруссия Дортмундтан" — италиялық шабуылшы Самуэль Инасио, "Бавариядан" — жартылай қорғаушы Карл Леннарт, ал Пари Сен-Жерменнен — жас форвард Ибрагима Мбайе де үздіктер қатарында. Айта кетейік, Дастан Сәтпаев Лондонның “Челси” клубына шақырту алған футболшы. Ол он сегіз жасқа толғанда түбегейлі Лондондық клуб сапына ауысады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

