Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Оразбеков Төреғали Төреәлімен болған жанжал туралы айтып берді

«Орда» тобының әншісі Дастан Оразбеков осыдан біраз уақыт бұрын не себепті Төреғали Төреәлімен түсініспей қалғанын айтып берді. Оразбековтің айтуынша, өзге әлдің әнін қазақ тіліне аударып айтқан Төреғали осылайша жастарға теріс үлгі көрсетеді.

торегали дастан 2111Бұл туралы «Хабар» арнасының «Компромат» бағдарламасында айтылды.

Әнші миллиондаған тыңдарманның кумиріне айналған сахналас-әріптесін өзге елдің әнін ұрлағаны үшін сынаған.

Бағдарлама барысынды журналистердің бірі Дастанның да репертуарында шетелдік әннің бар екенін айтып, әншінің өзіне сауал жолдады. Ол Оразбековтің орындауындағы «Сенің бейнең» әнін шетелдік әншінің орындауынан естігенін алға тартты. Өзі өзгенің әнін ала тұра Төреғалиға тап беруінің себебін сұрады. Сонда Дастан Оразбеков:

«Мен әннің әуенін ешкімнен ұрлаған жоқпын. Ол бағыт, стиль «тропи-хаус» деп аталады. Ал бағытқа келсек, бүкіл әлем Джексонның бағытында айтты, хаус, RNB стилінде айтады. Сол сияқты нәрсе.

Төреғалиға «сен ұрлықшысың» деген жоқпын. «Осыншама атағың, даңқың көтеріліп тұрған азаматсың. Сені мыңдаған, миллиондаған жастар тыңдай тұра, неге өзге елдің әнін айттың?» дедім.

Әуенді ұрлауға болмайды. Мәселен, осында отырған әрқайсысыңыз біреудің әнін алып, хит әнді сахнаға алып шықсаңыз, онда өнердің не сәні, не дәмі бар? Оның қандай сапасы болады?» – деп жауап берді.

Сондай-ақ, әнші бұл үшін Төреғалимен жауласпағанын, бүгінде сәлемдері түзу екенін жеткізді.

«Өмірде кездескен сәтте өзіне де айтып жүрмін. Біз онсыз да тату азаматтармыз. Сондықан бұл жайт арамызға кір түсірген жоқ. Төбелесіп не жағаласқан жоқпыз», – деп түйіндеді «Орда» тобының әншісі.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан эстрадасының ең стильді әншісі өзін өмір бойы «ұсқынсыз үйрек» сезінген

Батырхан Шүкеновтің анасы келініне не себепті қатты ренжігінен айтты

Дастан Оразбеков түсірілім кезінде төбелес шығарды

Дастан Оразбеков кезінде көгілдірлер клубында биші болып жұмыс істегенін мойындады

Талқылау