Дарын Тұяқов Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Дарын Шылбынұлы Тұяқов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Aқорда сайтында жазылды.
“Мемлекет басшысының өкімімен Дарын Шылбынұлы Тұяқов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген ресми мәлімдемеде.
Айта кетейік, 19 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі қызметінен босатылған еді. Жаңа министр болып бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметін атқарған Руслан Жақсылықов тағайындалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”