Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер терлегенде беті мен алақанынан қан ағатын қызды емдей алмай жатыр

Сирек кездесетін ауруға шалдыққан қыз күйзеліске түсіп, қоғамнан жырақта жүруді әдетке айналдырған.

Бұл туралы Canadian Medical Association Journal басылымы жазды.

Италиялық дәрігерлер сирек ауруға шалдыққан қызды жіті бақылап жатқандарын хабарлады. Қыздың беті мен алақанынан терлеген кезде тоқтаусыз қан ағады екен. Науқастың айтуынша, бұл ауруға шалдыққанына үш жыл толған.

Дәрігерлер оған сирек кездесетін гематидроз диагнозын қойған екен. Мұндайда қан мен тер өзара араласып кетеді. Ауру тамырдың зақымдануымен тікелей байланысты. Мамандар науқасқа күйзелісті жеңілдететін дәрілер ғана жазып берген. Ал ауруын емдей алмай жатыр екен.


Жіберіп алмаңыз:

Бастың екіжүзділік салдарынан ауыратынын білесіз бе?

Ғалымдар иттің ракпен ауыратын адамды жазбай танитынын дәлелдеді

Омырау рагына нұсқайтын 12 белгі (фото)

Ғалымдар: адам терісі барлық жара мен жарақатты “есінде сақтайды”

Талқылау