AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер іші өсе бастаған бес айлық сәбиді емдеу үшін Нұр-Сұлтанға жеткізді

Сұйықтық жиналғандықтан іші өскен бес айлық сәби Петропавлдан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Баланың ата-анасы бұған дейін емдеу орталығының қабылдамағанын айтып шағымданған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бала

Кішкентай Ксенияның ата-анасы журналистерге шағымданып, көмек сұраған еді. Олардың сөздерінше балалары 3 қаңтарда сары көбелек деген күдікпен облыстық балалар ауруханасына жатқызылған екен. 

Уақыт өте анасы баланың іші өсе бастағанын байқаған. Дәрігерлер сараптама жүргізіп, сұйықтықтың жиналғанын анықтаған. Емге қарамастан қыздың іші бірнеше есеге ұлғайған. Ата-анасы астанадағы Ана мен бала орталығына үміт артқан екен, алайда мұнда баланы қабылдаудан бас тартты дейді. 



Облыстық денсаулық сақтау ортылығында бейсенбі күні кезекті телемедициналық кеңестен кейін сәбидің дәрігерлер бақылауымен Нұр-Сұлтандағы Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығына жеткізілгенін мәлімдеді. Мұнда сараптама жүргізіліп, сәйкес ем шаралары белгіленеді. 

"Бұған дейін бала Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасында түсініксіз этиология гепатиті диагнозымен стационарлық ем қабылдаған. Ем кезінде Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығының қызметкерлерімен төрт рет телемедицина өтті. Зерттеу және емдеу бойынша барлық кеңестер орындалды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасында. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр