Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәрігерлер анамды өлтірді": Шымкентте науқастың оттегі аппарын алып қойған оқиғадан соң қызметкерлер орнынан қуылды

Шымкент Тұрғыны Айжан Ергешова анасының өліміне дәрігерлерді айыптады. Денсаулық сақтау министрлігі аталған жағдайды тексеретінін мәлім етіпті. Қала әкімімен кездескен Ергешова тағы тың мәліметтерді жария етті. 

"Біз оқиғаның қалай болғанын видеодан көрдік - ағамның қалай кіріп, бос баллонмен шыққаны туралы жазбалар бар. Оттегі алынып, реанимациялық шараларды қабылдау қажет болғанда жұмыс орнында болмаған медициналық персоналдар тексеріледі. Дәрі берген дәрігерді тексеріп жатыр. Жаңа және ескі жұқпалы аурулардың бас дәрігерлері жұмыстан босатылды. Денсаулық сақтау бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Ол кезде оттегі жетіспеді, бірақ қазір бәрі жақсы, оттегісі бар 200 төсек орын бар", - деді. 

Айтуынша, ол күндері ауруханаларда, төтенше жағдай болған кезде де орындар болған. 7 және 8 шілдеде қалалық жұқпалы аурулар ауруханаларында орындар бар болған. Сондар ол орындар кімге арналған?

"Біз бір сағаттан аса уақыт отырдық. Әкім менің айтқандарым бойынша 3 бет ескертпе жазып алды. Менің әкімдік қызметін атқара алмай жатыр деген сөзіме "соғыста сарбас күйбелеңге салынса, жеңіліс болады. Қазір президент айтпақшы бұл соғыс. Өзі бұрынғы әскери адам болғандықтан дүрбелеңге бой алдырмаймын" деді. 

"Менің түсінбегенім, олар өз қызметін атқара алмай жатқанын мойында отыр ма? Ол маған "Дәрігерлерді айыптамас бұрын, олардың қанша адамды құтқарып қалғанын ойлау керек деді. Менің анам қайтыс болып жатса, мен осы нәрсені ойлауым керек пе?", - деді жәбірленуші. 

Ергешова әкімге күзетсіз, жүргізушісіз ауруханаларды аралап, нағыз шынайылықты бақылап көруге кеңес берген. 

"Ол маған жеке команда жинап, барлық стационар мен ауруханаларға барып, өзімнің тексеріп көруімді ұсынды. Мен бұны ойланып көремін. Сіңіліме қалай айтуды әлі ойланып жүрміз", - деді Ергешова. 

Бұған дейін Айжан Ергешова өздері сатып алған оттегі аппаратын дәрігерлер басқа науқасқа таңған деп айыптады. Оқиғадан соң тексеріс жүріп жатыр. 

Талқылау