Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер сынған ыдысты қолдану қаншалықты қауіпті екенін айтты

Ернеуі сынған стақандар мен тәрелкелер әр үйде бар шығар. Бірақ көбі сәл шытынаған ыдыстарды лақтырып жіберудің орнына, жарамсыз болғанша пайдалана береді. Дәрігер патофизиолог Елена Парецкая сынған ыдыстың қаншалықты қауіпті екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Доктор Питер сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

“Ыдыстағы болмашы ғана жарық оның сыртқы кейпін бұзады. Сондай-ақ ернеуі сынған ыдыс ыстық сұйықтық құйылғанда кез келген сәтте сынып немесе жарылып кетуі мүмкін. Шыны ыдыстың сынған жері қарайып кетеді. Қара дақты қанша жуса да кетпейді”, – дейді маман.

Эмаль сынғанда ол сумен және ылғалмен әрекеттесіп, қарайып кетеді. Салдарына онда бактериялар көп шоғырланады. Ыдыстың сынған бөлігінде кір жиналып, адам ағзасына қауіпті acinetobacter және pseudomonas деп аталатын бактериялар көбейеді. 



“Актинобактериялар патогендік микробтар тобына жатады. Олар теріде және қоршаған ортада шоғырланады. Аталмыш микробтар көп мөлшерде жиналмағанынша немесе ағза әбден әлсірегенше зиян келтірмейді. Псевдомонадалардың қауіпті болғаны соншалық, олар ас қорыту жолдарына және бүкіл денеге әсер ететін жұқпалы ауруларды тудыруы мүмкін. Сондай-ақ сынған ыдыстардың көгеріп кетуі де ғажап емес. Бұл да денсаулыққа айтарлықтай зиянын тигізеді”, – дейді Елена Парецкая. 

Бұған дейін дәрігер қыста ұйқының қанық болуы үшін не істеу керегін айтқан болатын.

Талқылау