Дәрігер қырылып қалған ыдыста тамақ істеудің қандай қаупі бар екенін айтты
Қырылып қалған табада тамақ пісіру денсаулыққа қауіп төндіріп, тіпті қатерлі ісікке әкелуі мүмкін. Мұны америкалық терапевт-маман Пунам Десаи мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Десаидің айтуынша, жабыспайтын немесе керамикалық жабыны бар табаларда ойық, сызаттар мен қырылып қалған іздер болса, тамаққа микропластиктер енеді. Бұл кішкентай бөлшектер ерімегендіктен, ағзада ұзақ уақыт бойы қалуы мүмкін.
Дәрігердің айтуынша, микропластик эндокриндік жүйені бұзады, соның кесірінен гормоналды дисбаланс туындауы мүмкін, сонымен қатар бауыр қатерлі ісігінің даму қаупі айтарлықтай артады.
Десаи жабыспайтын жабыны бар ыдыстарды пайдаланбауға немесе олар сырылып, ескіре бастаған кезде бірден тастауға кеңес берді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”