Дәрігер қыс мезгілінде әлсіреп ұйқы сұрайтын ағзаны сергітудің жолымен бөлісті
Сомнолог Дарья Лебедева қыс мезгілінде адамдарға сергек сезінудің жолдарын атады. Маманның айтуынша, қыста күн сәулесінің аз болуына байланысты дене ұйқы келтіретін мелатонин гормонын белсенді түрде бөледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Москва24” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik.com
Дәрігер қыста күн қысқа болғандықтан көбіне адамдарда әлсіздік пен шаршау юболатынын алға тартты.
"Біз таңертең оянғанда күн сәулесін көрмейміз, ал кешке олерте батып кетеді. Қараңғы ерте түскендіктен ағзамыз денені ұйқыға дайындайды. Сонымен қатар, ұйқышылдық созылмалы шаршау синдромы кезінде немесе демалыссыз жұмыс істеген кезде пайда болады.", — деп түсіндірді Лебедева.
Сомнологтың айтуынша, суық мезгілде денеде күн сәулесінің әсерінен синтезделетін D дәрумені де жетіспейді. Одан бөлек, дәрігер артық салмағы бар және холестерин деңгейі жоғары адамдардың ұйқышылдыққа бейім болатынын алға тартты.
-
Ауыз қуысы бактериялары адамның психикалық жағдайына қалай әсер етеді – Мамандар байланысын анықтады
Ұйқышылдықты болдырмау үшін дәрігер ұйқы режимін қалыпқа келтіріп, кем дегенде жеті-сегіз сағат ұйықтауды ұсынды. Өйткені ұйқысы қанбаған ағзаға витаминдік қоспаларды қабылдау көмектеспейді.
Сондай-ақ, Лебедева ұйқы гигиенасын сақтаудың маңыздылығын еске салды: бөлмедегі ауаны 19-20 градусқа дейін салқындату керек. Ұйқы маскалары жеткілікті ұйықтауға көмектеседі. Ол сонда да әлсіздік пен шаршау басылмаса мамандардың көмегіне жүгіну керек екенін алға тартты.