Дәрігер қан қысымын қалыпқа келтіретін сусын түрін атады
Диетолог Сара Брюер гипертониясы бар науқастарға қан қысымын төмендету үшін қолданылатын керемет тәсілді атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото freepik
Брюэр бұл сусын антиоксидантты полифенолдарға, ерекше заттарға пуникалагиндерге өте бай екенін алға тартты. Диетологтың айтуынша, бұл полифенолдар артерияларды кеңейтеді. Олардың серпімділігін арттырып, қан айналымын жақсартады. Дәрігердің айтуынша мұның бәрі қан қысымын төмендетуге көмектеседі.
Сонымен қатар диетолог анар шырыны С, Е, К дәруменіне, сондай-ақ фолий қышқылына, калийге, магнийге және антиоксидантты каротиноидтарға бай екенін атап өтті.
Бұл заттар азот оксидін өндіру арқылы қысымды қалыпқа келтіруге және қан айналымын жақсартуға көмектеседі. Сондай-ақ Брюер қандағы холестеринді төмендету үшін күн сайын бір стақан анар шырынын ішуге кеңес берді.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”