Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дархан Қалетаев Қазақстанның Украинадағы өкілетті елшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

дархан калетаев

Мемлекет басшысының жарлығымен: 

Дархан Аманұлы Қалетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалсын;

Қазақстан Республикасының Иордан хашимиттік Корольдігіндегі өкілетті елшісі Туматов Айдарбек Әнуарбекұлы Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі өкілетті елшісі болып тағайындалсын; 

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Самат Исламұлы Ордабаев қызметінен босатылды.

Қалетаев Дархан 1972 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Приозерное кентінде дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (1994); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Жоғары мемлекеттік басқару мектебін (1996-1997) бітірген.

Еңбек өтілі:

- 1-санатты маман, ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Тіл комитетінің жетекші маманы (1995);

-  ҚР Ұлттық саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің жетекші, бас маманы (1995-1996·;

- ҚР Білім және мәдениет Министрлігінің тіл саясатын үйлестіру департаментінің басқарма бастығының орынбасары, Алматы қаласы (05.1997-11.1997);

- ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаментінің жастар саясаты бөлімінің бастығы, Астана қаласы (11.1997-2001);

- ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Астана қ. (2001-02. 2002); 

- ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры, Астана қ. (02.2002-11.2002); 

- ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Астана қ. (11.2002-2004);

- ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Астана қ. (2004-2005);

- ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Астана қ. (2005-2006);

- ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Астана қ. (2006-12. 01. 2007);

- ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (12.01.2007-13.10.2008);

- "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" басқарушы директоры (11.2009-10.2016);

- ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі (04.04.2018-29.06.2018);

- ҚР қоғамдық даму министрі (03.07.2018-25.02.2019);

- ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы (25.02.2019-25.03.2019); - ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары (25.03.2019-18.12.2019).

Басқа да лауазымдар:

- ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің хатшысы, ҚР Президенті жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің хатшысы (2004-2005);

- Қазақстан велосипед спорты федерациясының президенті (01.2015-10.2019);

- ҚР Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (17.04.2017).

Талқылау