Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияда хайуанаттар бағының басшылығы арыстандарды қоректендіру үшін тұрғындардан үй жануарларын алып келуін сұрады

Данияның Копенгаген және Гивскуд қалаларындағы хайуанаттар бағының басшылығы жыртқыштарды қоректендіру үшін тұрғындардан үй жануарларын алып келуін сұрады, деп хабарлайды TV2 телеарнасына сілтеп Stan.kz.

Хайуанаттар бағы жыртқыштарға қорек ретінде теңіз шошқасы мен қояндарды қабылдайды. Арыстан, жолбарыс және қасқырларды қоректендіру үшін аталған үй жануарлары керек екен.

Хайуанаттар бағының қызметкері Анна-Срфи Эллердің сөзінше, жыртқыштарды иттермен және мысықтармен қоректендіру адамшылыққа жат. Сонымен қатар аталған жануарлар жыртқыштардың табиғи қорегіне кірмейді.

«Жыртқыштардың әр түрлі тамақ жегені жақсы. Оларға аң терісін шайнаған қызық көрінеді. Ал жануарлардың ішкі ағзалары өте пайдалы», – дейді Эллер.

Гивскуд хайуанаттар бағының басшысы Ричард Остербалле бұл өтініштері арқылы тұрғындардан үй жануарларын өлтіру туралы сұрамағанын айтты.

«Бізге жануарлар керек. Сол үшін осындай өтініш білдіруге тура келді», – дейді Ричард Остербалле.

Сонымен қатар хайуанаттар бағының басшылығы жыртқыштың үй жануарын жеп жатқан сәтін бақылауға мүмкіндік береді. Остербалленің сөзінше, мұндай тәжірибе балалармен барынша шыншыл болуға сеп болады.

 

Талқылау