Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дана Нұржігіт екінші жолдасымен қалай танысқанын баяндап берді

Ағымдағы жылдың шілде айында Дана Нұржігітті сүйіктісі ұзатып алып кеткен болатын. Арты үлкен тойға ұласып, жиынға қазақстандық жұлдыздар мен өзге танымалдар жиналған-ды. Тележүргізуші алғаш рет екінші жолдасымен қалай танысқанын баяндап берді.

21042519_1855043558157435_769642243769237504_n

Сурет: Дана Нұржігіттің жеке парақшасынан

Бұл туралы “Қазақ радиосында” айтылды.

“Құттықтаулар жан-жақтан осы күнге дейін келіп жатыр. Әрқайсыңызға алғыс айтамын. Менің үйімнің бүгінгі иесі, киесі – Мұрат Әбдіразақов деген азамат. Өзі Қызылорданың тумасы. Біз бұл кісімен екі жыл бұрын танысқан едік. Өкінішке орай, қайғылы жағдайда таныстық. Мұрат екеуіміздің жерлесіміз, бәріміз үшін ортақ Батырхан Шүкеновтың жаназасынан кейін қонақасында бір дастарханда отырдық. Сонда елден келген қонақтардың арасында Мұрат бар еді.

Бірақ, біз бәріміз ол кезде қабырғамыз қайысып, жылап-сықтап, табыттың соңынан Батырханымызбен қимастықпен қоштасып жатқан кезде кіммен танысқаныңды онша көп аңғармайсың ғой. Оның үстіне репортаж түсіруім керек еді. Яғни кәсіби міндетімді де атқарып жатқанмын. Сонда қасымда бауырым Рүстем болатын. Сол кезде Мұрат бауырымыз екеуіміздің қасымызға келіп, “Мен де қызылордалықпын. Танысып, араласайық. Ағаларың боламын” деді. Жалпы менен үш жас үлкендігі бар. Менің анандай жағдайда болғанымды көріп, Рүстемнен телефонымды алған сыңайлы. Сөйтіп екі жыл хабар-ошарсыз кеткен. Алғашқы таныстығымыз осы. Ал жақынырақ “Қысқы Универсиада” кезінде араластық. Мен сол кезде алғаш рет комментатор болдым…

Оның жыры бір бөлек. Төрт күн таңнан кешке дейін микрофонның алдында жұмыс істеп, 5-і күні шаршап-шалдығып Астанаға қайта оралсам, көп пікірдің ішінде өзін жақын адам ретінде таныстырған біреу болды. Мұрат сол кезде күйзелісте жүргенімді білетін адамдай хат жазды. Көңілді серпілтіп, қанаттандыратын сөздер жазып, “Мен осы жігіт едім. Есіңізде ме? Бұрын дастархандас, табақтас болып едік. Қайғылы жағдайда болса да, таныстығымыз сол жерден бсталып еді ғой” деді. Осыдан кейін бір ай бойы хат алыса бастадық. Артынша көрістік. Ол жігіттің де 7 жылдан бері басы бос екен. Менің де екі жылдан бері ұлыммен Астанаға көшіп, жаңа өмір бастаған кезім”, – дейді Дана Нұржігіт.


Жіберіп алмаңыз:

Алпамыс Шәрімов: Әлем жұлдыздары дуэт айтуды ұсынды, бірақ Димаш ойлануда

«Жетер енді»: Роза Әлқожа әншіні көрсе қуанып, сыртынан жамандайтындарға назын айтты

“Ninety one” тобы: Хейтерлерден қорғану үшін шынайы өмірде қару қолданғанымыз рас (видео)

Ерке Есмахан жас әншінің бейнебаянына түсемін деп сынға қалды (видео)

Талқылау