Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дамир Исмағұлов UFC чемпионы Ислам Махачевті нокаутқа жіберген спортшымен жекпе-жекке шығады

UFC тұжырымының экс-спортшысы Дамир Исмағұловтың (25-3) келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Instagram.com/predatorysport/

UFC тұжырымының рейтингінде ең үздік 15 спортшының қатарына кірген Дамир Исмағұлов келесі жекпе-жегін Ақтөбеде өтетін  Alash Pride 100 турнирінде өткізеді. 21 қыркүйекте өтетін турнирде өнер көрсететін отандасымыз UFC чемпионы Ислам Махачевті нокаутпен ұтқан Адриано Мартинске қарсы жұдырықтасады. Бұл кездесу Alash Pride 100 турнирінің басты жекпе-жегі болмақ. 

Айта кетейік, Исмағұлов соңғы жекпе-жегін Алматыда өткен Hardcore FC турнирінде ресейлік Дмитрий Климовқа қарсы өткізіп, жеңіске жеткен еді. Ал шаршы алаңда 41 жекпе-жек өткізген Адриано Мартинс 2015 жылы Ислам Махачевті нокаутпен ұтқан болатын. 

 

Талқылау