Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дамир Исмағұлов Alash Pride 100 турниріндегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

UFC тұжырымының экс-спортшысы Дамир Исмағұлов (25-3) кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімен өтіп, қарсыласымен көз арбасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: UFC

UFC тұжырымының рейтингінде ең үздік 15 спортшының қатарына кірген Дамир Исмағұлов Ақтөбеде өтетін  Alash Pride 100 турнирінің алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз арбасты. 21 қыркүйекте өтетін турнирде өнер көрсететін отандасымыз UFC чемпионы Ислам Махачевті нокаутпен ұтқан Адриано Мартинске қарсы жұдырықтасуы керек еді. Бірақ бразилиялық спортшының жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмайтын болды. Оның орнына Дамир Исмағұлов Обердан Виейрамен жұдырықтасады. Қос спортшы 77 келіде турнирдің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады. 

Айта кетейік,  Исмағұлов соңғы жекпе-жегін Алматыда өткен Hardcore FC турнирінде ресейлік Дмитрий Климовқа қарсы өткізіп, жеңіске жеткен еді. Ал шаршы алаңда 41 жекпе-жек өткізген Адриано Мартинс 2015 жылы Ислам Махачевті нокаутпен ұтқан болатын. 

Талқылау