Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәмді шырын. Төлем картасы сізге не бере алады?

Stan.kz Jusan Bank-пен бірге банк картасын барынша тиімді пайдалану жолдары жайлы айтып береді.

жусан

Әдетте, банктік карталар көмегімен табыс табу жайлы сөз қозғалған кезде  Google-дағы барлық сілтемелер кредиттік карталардың парақшаларына бағыттайды. Іс жүзінде  дебеттік карталар тиімділігі жағынан артық болмаса кем емес. Төлем картасы сіздің ақшаңызды жұмсап қана қоймай, табыс әкелуі үшін не істеуі керек? Кез келген банктің клиенттері үшін қызықты болатын әмбебап лайфхактер тізімін назарларыңызға ұсынамыз. Ал Jusan-ды қолданатындар үшін пайданы санмен және сервистермен көрсетеміз. 

№1. Мобильді қосымшаны пайдаланыңыз 

Пайда: 100% ақпарат

Біріншіден, бұл тиімді әрі жылдам– банк  әрдайым смартфоныңызда, бір секунд ішінде авторизациядан өту мүмкіндігімен қолжетімді.

Екіншіден, Jusan мобильді қосымшасы суперапп категориясына өтті. Енді бұл сіздің шотыңыз жайлы қаржылық деректерді қамтитын қарапайым онлайн-платформа ғана емес, бір жерде бірнеше функциялар жинақталған экожүйе. 

Үшіншіден, қосымша ақпарат беруші ассистент қызметін де атқарады, яғни сіз пайдалана бермейтін функциялар жайында есіңізге салып отырады. Жаңа опциялар, акциялар немесе бонустық бағдарламалар пайда болса, бұл жайлы да ақпарат жіберіледі. Тұтастай алғанда сіздің онлайн-банкингіңіздің барлық құралдарын кез келген жерде және кез келген уақытта пайдалануға мүмкіндік береді. 

Jusan ұсынған суперапп  қолданушыларына төлемдер және ақша аударымдары, экспресс-кредит беру, Jusan Дүкен маркетплейсінің түрлі категорияларындағы жүздеген тауарлар мен қызметтер, "Инвестициялар" және "Сақтандыру" қызметтері,  Jusan Mobile  виртуалды мобильді операторы және көптеген басқа мүмкіндіктер қолжетімді. Бәрін бірдей  немесе белгілі бір түрін ғана пайдалану – өз таңдауыңыз. Пайдаңызды жіберіп алмау үшін әрқайсысын жеке талдауды ұсынамыз. 

№2. Картаңызбен танысыңыз

Пайда:  15%-ға дейін бонус

Карта сізге еселеп пайда әкелуі үшін ондағы қаражаттың бар-жоқтығы және көлемі жайлы ақпаратты ғана білу аздық етеді. Төлем картаңыз бейілділік бағдарламасы шеңберінде қандай бонустар немесе кешбэк беретінін айта аласыз ба? Бұл сұраққа жауап алу үшін мобильді қосымшаға немесе банктің сайтына кіріңіз. Карталар өнім ретінде жиі түрде түрленіп отыратынын, сол себепті ақпаратпен қайта-қайта танысып, жаңалықтардан құр қалмау керектігін есіңізге саламыз. 

Jusan-ның дебеттік мультивалюталық картасы жақында фунционалдық және визуалды тұрғыда түрленді. Жаңа дизайнмен бірге жаңа бонустар да келді  -  енді сіздер сатып алу сомасынан 2%-ға дейін және  категорияларда 5 -15% аралығында бонустар ала аласыздар.

Бонустардың мөлшері және категориялар саны деңгейге байланысты:

  • Silver  деңгейі– бонустар бір категория бойынша және қалған сатып алуларға  0,5% мөлшерде беріледі;
  • Сатып алулар сомасы айына 30  мың теңгеден жоғары болса Gold деңгейі – бонустар өз таңдауыңыз бойынша сатып алудың екі категориясы бойынша және қалған сатып алуларға 1% мөлшерде беріледі;
  • Сатып алу сомасы айына 70 мың теңгеден жоғары болса, сондай-ақ Jusan Invest шоты немесе Jusan Garant сақтандыруы болса Premium деңгейі – бонустар өз таңдауыңыз бойынша төрт категорияда  және қалған сатып алуларға 2% мөлшерде беріледі. 

Бейілділік бағдарламасына қосылу тегін. Деңгейлер ай сайын автоматты түрде қайта есептеледі, олар жайлы ақпарат Jusan мобильді қосымшасының "Менің Банкім" бөлімінде қолжетімді. "Сатып алу категорияларын" сіз айдың басында өзіңіз белгілейсіз.  

Netflix, Amedia-да сериалдар тамашалау немесе  Steam-да жаңа ойын сатып алу ойыңызда бар ма? Кешке құрған жоспарларыңыз екі есе тиімді, оған қоса стримингтік және музыкалық сервистер, сондай-ақ ойын сервистері топ бонустық категорияларға жатады – сәйкесінше 15% және 10% бонус беріледі.   Күнделікті қажеттіліктеріміз де еленбей қалмады: тамақ (тізімде – жылдам тамақтану мейрамханалары, кондитерлік және нан өнімдері, тамақ жеткізу сервистері– 7%), киім, медициналық қызметтер (5%) және басқалар (категориялардың толық тізімімен сайтта танысуға болады). 

Айтпақшы, ұмытып бара жатырмыз. Жинақталған бонустарды Jusan  мобильді қосымшасында - Jusan Дүкеннен көптен қалап жүрген бір затыңызды сатып алуға немесе телефон теңгерімін толықтыруға жұмсай аласыз. Мұндай мүмкіндіктің артық болмасы анық! 

№3. Достарыңыз бен таныстарыңызды шақырыңыз

Пайда: 10 000 бонус

Көз алдыңызға елестетіп көріңізші: сіз досыңызға ақша аударымын жібересіз, ал бұл үшін банк сізге бонустар береді. Бұл жерде банктің де пайдасы бар екені анық, себебі сіз таныстарыңызға көмектесіп қана қоймай, қолдарынан ұстап цифрлық жолмен өз банкіңізге алып келгендей боласыз. Бұл рефералды бағдарлама деп аталады. 

Jusan-да ол былайша ұйымдастырылған.  Қосымшада "Телефон нөмірі арқылы ақша аударымын" таңдау және банктің клиенті саналмайтын адамға кемінде 1000 теңге жіберу керек. Алушы қосымшаны орнатып, карта ашқаннан кейін сізге бірден бонустар есептеледі.  Ақша аударымының бұл түрінен тек 10 аударым жасауға болады  және оның әрқайсысына 1000 бонус есептеледі. Нәтижесінде ең жоғары пайда 10 000 бонус құрайды, бонустарды маркетплейсте немесе төлемдерде өз қалауыңызша пайдалана аласыз.

№4. Акциялар және ұтыстарға қатысыңыз 

Пайда: ақшалай сыйлық немесе ө-ө-ө-өте бағалы сыйлық 

Ерекше бір нәрсе жасаудың қажеті жоқ, банк ұтыс шарттарын өзі белгілейді. Жиі түрде қосымшада қарапайым іс-әрекеттер (төлемдер немесе ақша аударымдарын) жасау ғана талап етіледі, осылайша сіз қатысушылар тізіміне енесіз. Банк өткізіп жатқан өзекті акциялар және оның шарттары жайлы қалай білуге болатынын №1  тармақтан қараңыз.  

Апта сайын миллион теңге немесе Toyota Land Cruiser 300 автокөлігіне қалай қарайсыз? Jusan клиенттеріне телефон нөмірі арқылы 1000 теңгеден басталатын соманы аудару керек. Шарттар рефералды бағдарлама шеңберінде де әрекет етеді. Тек бір шарт –ақша аударымдары бірегей болуы, яғни әртүрлі адамдарға жіберілуі тиіс, соншалықты қиын іс емес, иә?  

№5. Біліміңізді жаңартып отыруды ұмытпаңыз

Пайда: барлығы бірге

Бәріміз білетіндей, күш –білімде. Банктің қандай функциялары мен қызметтерінің жинағын пайдалансаңыз да, маңызды бір нәрсені жіберіп алмау үшін жаңалықтар мен өзгертулерді бақылап отырыңыз. Оның түк қиындығы жоқ, әрі қаржы кеңесшісінің қызметтеріне жүгінудің қажеті жоқ. Банктің өзі клиенттерінің ақпараттандырылып отыруына мүдделі. Әлеуметтік желілердегі профильдерге жазылу немесе мобильді қосымшада банк жіберген пуш-хабарламаларды оқып отырсаңыз жеткілікті. 

Дидар Халық
Жұма, 08 Қазан, 2021 12:20
Талқылау