Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

COVID-19-дың өлім ықтималдығын екі есе арттыратын фактор анықталды

Науқастың аш кезінде қанындағы глюкозаның жоғары деңгейі ауыр дәрежедегі коронавирустан болатын өлім қаупін екі есеге арттырады. Мұндай тұжырымды Қытай ғалымдары жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Зерттеу нәтижелері Diabetologia журналында жарияланған. Ретроспективті зерттеуде 2020 жылғы 24 қаңтар мен 10 ақпан аралығында коронавирус жұқтырып, Уханьдағы екі госпитальға жатқызылған 605 пациенттің ауру тарихы қаралды. 114 науқас ауруханада көз жұмды.

Белгілі болғандай, диабет - қауіп-қатер факторы, көптеген өткір немесе созылмалы аурулармен ауыратын науқастардың өлімін айтарлықтай арттырады. Алайда, қазір ғалымдар коронавирус бойынша бұрын диабет диагнозы қойылмаған науқастарды ауруханаға жатқызу кезінде өлшенген қан глюкозасына қатысты ұқсас қорытындыға келді.

Ауруханаға жатқызылғаннан кейінгі 28 күн ішінде аш кезінде қанындағы глюкозаның жоғары деңгейі бар пациенттер арасындағы өлім-жітім 1 литрге кем дегенде жеті миллимоль болған уақытта 33 пайызды құрады, ал құрамында глюкоза бар пациенттер арасында 1 литрге кем дегенде 6,1 миллимоль болғанда 10,6 пайызды ғана құрады. Осы уақытта туындаған асқынулардың саны пациенттердің бірінші тобында 58,5 пайызды боса, ал екінші топта - тек 26,1 пайызды құрады.

Сондай-ақ одан да жоғары өлім-жітім егде науқастарда, ер науқастарда және ілеспелі аурулары бар емделушілерде байқалды. Соңғы санаттағы көз жұмған емделушілерде аман қалғандарға қарағанда цереброваскулярлық аурулар жиі кездеседі.

Талқылау